Оқу бағдарламасының ерекшеліктері талқыланды
24.08.2018 11:29

Бүгін қаламыздағы М.Ықсанов атындағы №36 орта мектебі және Теректі ауданының Шаған мектебі базасында аудандық (қалалық), облыстық мектептерінің жаңартылған білім беру мазмұны аясында 3-ші сынып мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы 3-ші сыныпқа арналған оқу бағдарламасының ерекшеліктері» тақырыбында республикалық тамыз кеңесінің бірыңғай секциялық отырысы өтті.

Республикалық тамыз кеңесінің секциялық отырысына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, пилоттық мектептер директорлары мен директордың орынбасарлары, бастауыш сынып әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің 3-ші сынып мұғалімдері, барлығы мыңға жуық педагог қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Дариға Сағынаеваның айтуынша, пилоттық мектептер педагогтері 3-ші сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері үшін қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, дүниетану, информатика, көркем еңбек, дене шынықтыру пәндері бойынша «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқу бағдарламасы мен критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында интерактивті шеберлік сыныптарын өткізеді. Оқытудың түрлі белсенді әдіс-тәсілдерін қолданып, өз тәжірибелерімен бөліседі.
Секциялық отырыс барысында қалыптастырушы және жиынтық бағалау критерийлерін жасақтау және білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу шеңберінде дифференциалды білім беруді ұйымдастыру мақсатында оқыту семинар-практикумы жалғасын тапты.
Қатысушыларға әдістемелік материалдар жинағын электронды түрде жүктеуге мүмкіндік берілді. 
Кәсіби қарым-қатынас және тәжірибе алмасу алаңына айналған секциялық отырыста қатысушылар жаңартылған білім беру мазмұны бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.

1

2

3

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан