Келелі мәселелер ортаға салынды
14.08.2018 18:00

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі базасында облыстық тамыз конференциясы аясында «Ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңартуда заманауи педагогикалық технологиялардың ұтқырлығы» тақырыбымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларының секциялық отырысы өтті.

БҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, келелі мәселелерді ортаға салып, таратуға тұрарлық идеяларын әріптестеріне ұсынды. Білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің әдіскері Л.Брекеева «ТЕDх форматындағы өткізілетін шараның педагогикалық қызметке оң әсері бола ма?» тақырыбында өз идеясын әріптестерімен бірге талқылады. Инновациялық білім беру жағдайындағы педагогтің кәсіби ұтқырлығы туралы баяндаған Орал ақпараттық технологиялар колледжі директорының орынбасары Ж.Ілиясова педагогикалық саладағы 40 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, колледждегі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға, ұтқыр оқытушыны қалыптастыруға, өзгермелі уақытқа педагогтің тез бейімделуіне қатысты ойын жеткізді. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі директорының орынбасары Қ.Искакова «Жобалау жұмыстары арқылы көшбасшы-оқытушыны қалыптастыру» тақырыбын ала отырып, «көшбасшы-оқытушы» деген кім, оқытушыны «көшбасшы-оқытушы» сатысына қалай жетілдіруге болады, әдіскер тарапынан қандай әдістемелік амалдарды пайдаланып, нәтижеге жету тиімді, осы мәселелердің түйінін тарқатты. Білім ошағының «Педагогикалық колледж өзін-өзі оқытушы ұйым ретінде» жобасымен таныстырды. Жоба аясында қолға алынған шараларды тәжірибелік тұрғыда сөз етті. Қаратөбе колледжінің әдіскері Б.Ахметова білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізудің өзекті мәселелеріне үңілді. М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, PһD доктор И.Сұлтаниязова «Жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік технологиялық ортаға кіріктіруде педагогтердың жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы аясында ғылыми жұмысты ұйымдастыру, оған қойылатын талаптар, жастардың ғылыми жұмыспен айналысуы үшін қандай тақырыптар өзекті саналады, жалпы тақырыпты қалай таңдау қажеттігіне жиналғандар назарын аударды.

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан