Өнерге тәнті қылған педагогтер
14.08.2018 17:43

Облыстық тамыз педагогикалық кеңесі шеңберінде секциялық отырыстар жалғасуда. Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру педагогтерінің желілік қауымдастығы аясындағы ғылыми-әдістемелік қызметі» тақырыбындағы секциялық мәжіліс «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде өтті.

 

Оған қалалық, аудандық білім бөлімдерінің қосымша білім беру бойынша әдіскерлері, мектептен тыс жұмыстар орталықтары директорларының орынбасарлары, әдіскерлері және педагогтары қатысып, тәжірибе алмасты, қосымша білім беру бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ортақ мәселелерді талқылады. – Шара команда жасақтау тренингтері форматында ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы секциялық жұмыстың осыншама қызықты, әсерлі өтуі алғаш рет деп айтар едім. Неге дейсіз ғой, аудандардан, қаладан жиналған қосымша білім беру педагогтері өздерін басқа қырынан көрсете білді. Педагогикалық әдістерін де, өнерлерін де тартынбай ортаға салды. Секциялық жұмыстар жан-жақты қамтылды. Төрт топқа бөлінген қатысушылардың ертегі мен кино өнерін байланыстырғандары тіптен қызық. Мәселен, «Колобок» ертегісін АҚШ-та түсірілген «Терминатор» фильмімен әдемі сабақтастырды, – дейді интернаттық жұмыс және қосымша білім беру әдіскері Алмагүл Кизагалиева. 
Тренингтер барысында қосымша білім беру педагогтары өздерінің желілік қауымдастығын құру, яғни келешекте әлеуметтік желіде топ құрып, шығармашылық байланыс орнату, іс-тәжірибе алмасу туралы ұйғарымға келді. Бұл мәміле қосымша білім беру орталықтары арасындағы әріптестіктің нығая түсуіне жол аша түсті. Секция жұмысы «Шығармашыл ұстаз» ойын-сауық кешімен аяқталды. Шара соңында жаңақалалық Венера Каменова «Қара жорға» биімен көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Секцияға дайындалған әдістемелік және шеберлік сыныптардың әзірлемелері тамыз кеңесінің жинағы түрінде таратылды.

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан