Жақсы тәлімгерден – сапалы маман!
14.08.2018 15:54

Бүгін облыс педагогтерінің дәстүрлі тамыз конференциясы аясында «Өндірістегі құзыреттілікке бағдарланған тәлімгерлік – студенттердің сапалы кәсіптік даярлығының ресурсы» тақырыбындағы секциялық отырысы «Орал» трансформатор зауыты» ЖШС базасында өтті.

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, аға шеберлер, колледж және өндірістегі тәлімгерлер қатысқан мәжілісте колледждер мен олардың әлеуметтік серіктестері – облыс орталығында орналасқан өндіріс ошақтары мен аудандардағы шаруа қожалықтары арасындағы әріптестіктің тамыры тереңдей түскеніне куә болдық. Облыстық білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Сағынбек Жұмагереевтің айтуынша, осы кезге дейін оқу орындары мен олардың әлеуметтік серіктестері арасында 1600-ден астам келісімшарттар жасалған. – Германияда, Австрияда, Швейцарияда кең таралған дуалды оқыту – жұмыс орнында оқыту түрлерінің бірі екені белгілі. Біздің өңір колледждері оқытудың бұл түрін 2013 жылы нақты қолға алды. Содан бері 78 кәсіпорын заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу-өндірістік шеберханалары мен өндірістік базаларын ұсынып, оқушыларға қажетті жағдайды жасап отыр. Солардың бірі – «Орал» трансформатор зауыты. Бүгінгі басқосуымыздың зауытта өтуінің де себебі осы. Қазіргі таңда облысымызда 1657 студент дуальды оқытумен білім алуда және бұл еңбек нарығында колледж түлектерінің қиындықсыз жұмыс табуына оң әсерін тигізіп отыр, - деді С.Меңдібайұлы. Жиын барысында БҚО кәсіпкерлер палатасының адами капиталды және әлеуметтік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы А.Әбілқайырова жоғары сапалы кадрларды даярлаудағы тәлімгерліктің рөліне тоқталса, тәлімгердің жанкешті еңбегі туралы Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің әлеуметтік әріптесі - «Стройкомбинат» ЖШС-ы арматура цехының басшысы Тамара Урасаева әдемі жеткізді. Айта кету керек, Тамара Аманжолқызы студенттерді практикаға қабылдап, еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы кадрларды даярлау ісінде дараланып жүрген тәлімгерлердің бірі. Ал Батыс Қазақстан индустриалды колледжі директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Тілектес Ахмадиев тәлімгерлікті ұйымдастырудағы өз тәжірибесімен бөлісті. «Орал» трансформатор зауыты» ЖШС-ның техникалық директоры Мақсат Үсенбаев өндірісте дуальды білім беруді жүзеге асыру тетіктері туралы жан-жақты баяндады. Қысқасы, жиналғандар әлеуметтік серіктестер мен оқу орындары арасындағы әріптестіктің жаңа қырларын ашуда, қордаланған мәселелерді шешуде, пікір алмасуда осындай басқосулар өндірісте жиі ұйымдастырылуы қажет деген тоқтамға келді. Секциялық отырыс соңында ұсынбалар қабылданып, қатысушылар зауыт базасымен танысты.

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан