Оқулық оқу жылына әзір! |
14.08.2018 14:46 |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау негізінде облыстық білім басқармасы 5-7-сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығын әзірледі. Оқулық қазақ және орыс тілдерінде ҚР БҒМ бекіткен оқу бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ оқу жүктемесінің көлеміне байланысты құрылған. Курс мазмұны тарих, география, қазақ әдебиеті, музыка, өнер және тағы басқа білім беру салаларын қамтып, біріктірілген оқу құралы ретінде ұсынылады.
|