Оқулық оқу жылына әзір!
Tuesday, 14 August 2018 14:46

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау негізінде облыстық білім басқармасы 5-7-сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулығын әзірледі.

Оқулық қазақ және орыс тілдерінде ҚР БҒМ бекіткен оқу бағдарламасының мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ оқу жүктемесінің көлеміне байланысты құрылған. Курс мазмұны тарих, география, қазақ әдебиеті, музыка, өнер және тағы басқа білім беру салаларын қамтып, біріктірілген оқу құралы ретінде ұсынылады. 
Оқулықты дайындауда шәкірттердің «Өлкетану» пәнінің мүмкіндігін ашатын, өлкетану саласы бойынша оқулықты жазу, патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілік, туған өлкесіне, отандастарына, жеріне деген мақтаныш сезімдерін ояту мақсат етілді.
Жаңа оқу жылынан бастап Батыс Қазақстан облысының барлық жалпы білім беретін мектептерінің 5, 6, 7-сынып сабақтарында «Өлкетану» оқулықтары пайдаланылады.

 

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан