«Нұр Отан» партиясынан бастау алған жоба аясында астаналық «Stem Academy» ЖШС мамандары қалаға келді
09.08.2018 18:01

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ІТ сыныптарын ашу жұмыстары біздің өңірімізде де қарқынды жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясынан бастау алған жоба аясында астаналық «Stem Academy» ЖШС мамандары 1 тамыз бен 17 тамыз аралығында М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында ІТ сыныптарында дәріс беретін информатика пәнінің мұғалімдері үшін арнайы курс өткізуде.

Облыстық білім басқармасы ІТ сыныптарда жұмыс жүргізетін 33 педагогтің басын біріктіріп, аталмыш курсқа жолдады. Айта кету керек, ағымдағы жылы облыста осындай 15 сынып ашу көзделіп отыр. Оның 14-і жалпы білім беретін мектептер базасында, 1-уі Оқушылар сарайында жұмыс істейтін болады (аудан орталықтарында - 12, облыс орталығында - 3). Балаларға арналған тегін IT-сыныптардағы дәрістер модульды жүйеде факультатив түрінде жүргізілмек. Яғни, оқушылар 3D модельдеу, бағдарламалау және роботты техника негіздерімен тереңірек танысып, қарапайым алгоритмдерді, Web-сайттарды, компьютерлік ойындар мен анимацияларды құру дағдыларын үйренеді. Осылайша IT технологиялардың іргетасы шәкірт бойында мектеп қабырғасынан қаланады. 
Аталмыш курстың басы-қасында жүрген облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығы директорының орынбасары Румия Хамзинаның айтуынша, бір ІТ-сыныпты жабдықтау құны 3 319 мың теңге қаржыны құрайды. – Біз оқушыларды қазірден бастап жаңа ақпараттық жаһандануға бейімдеуіміз қажет. Заманауи технология тілін меңгерген шәкірттеріміз өз интеллектісін дамыта отырып, түрлі олимпиадалар мен білім байқауларына қатысу мүмкіндігіне ие болады, - дейді Р.Хамзина. 
Жапонияда IT-дағдылардың болуы оқушының математика және гуманитарлық ғылымдар бойынша үлгеріміне оң әсер ететіні дәлелденген. Қазақстанда оқушылардың IT-дағдылары ешқашан ұлттық және халықаралық деңгейде бағаланған жоқ. Сондықтан, біздің шәкірттеріміздің компьютерлік және ақпараттық сауаттылығының қалыптасу дәуірі енді басталмақ. Осындай бірегей мүмкіндікті беруде IT-сыныптардың ықпалы зор болады деп сенеміз.

1

2

3

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан