Оқушылар арасындағы транспорт саласы бойынша республикалық байқау

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-мен бірге Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Үшінші модернизация: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларды іске асыру аясында мектеп оқушыларының транспорт саласындағы республикалық байқауы жарияланды.

Байқау алғаш 2017 жылы өткізілген болатын, мектеп оқушыларының транспорт саласына деген қызығушылығын арттыруға, саналы түрде мамандық таңдау уәжін қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың серіктесі - ғылым, техника, технология және басқару саласындағы Ұлыбританияның жоғары оқу орындарынан кейінгі жетекші оқу орындарының бірі болып табылатын - франко-британдық Крэнфилд ғылыми-зерттеу университеті, Назарбаев Университеті және «Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы.

Байқауға физика-математика және жаратылыстану ғылымы саласында жетістіктері бар, сонымен қатар жеке жобалық қызметте тәжірибесі бар жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатыса алады. Қатысушыларға қойылатын басты талап ағылшын тілін білу.

Байқаудың іріктеу кезеңі 2018 жылғы 24-26 шілде аралығында Астана қаласында өтеді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз команда 2018 жылдың 19-26 тамызы аралығына Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу-танымдық сапарға жіберіледі.

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан