7 мен 16 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған жазғы лагерьлер
Friday, 29 June 2018 12:44

Үстіміздегі жылдың 5 маусым – 25 тамыз аралығында «Евразия» туристік-сауықтыру кешені және «Самал» туристік лагері базаларында балаларды жазғы демалыспен қамту 7 ауысымға негізделген. 7 мен 16 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған жазғы лагерьлердің бағдарламасы да ауқымды. Балалар лагерьде демалу кезінде жаяу жүру туризмінің техникалық дағдыларын меңгереді, біркүндік және екікүндік жорықтарға шығады. Шалқар өзеніне сапарлап, облыс орталығындағы хайуанаттар бағы мен музейлерді аралайды. Арнайы жабдықталған жағажайда күнделікті суға шомылады. Сондай-ақ интеллектуалды-танымдық шаралар, спорттық-көпшілік сайыстар, ойын-сауық бағдарламалары жасөспірімдердің көңілін көтеріп, қызықтыра түсуде. 
Сонымен қоса, асханада сапалы бес реттік тамақтану мен медициналық және психологиялық бақылау жұмыстары жүргізіледі. 
«Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде лагерь ауысымдары «Жас турист» 5 маусым – 16 маусымға, «Жас турист» 19 маусым – 30 маусымға «Жас өлкетанушы» 3 шілде – 14 шілдеге, «Жас өлкетанушы» 17 шілде – 28 шілдеге, «Жас эколог» 31 шілде – 11 тамызға, «Жас эколог» 14 тамыз – 25 тамызға жоспарланған. 
«Самал» туристік лагерінде де әр ауысымның өз атауы, өз мақсат-міндеті бар. «Жас турист» 17 маусым – 26 маусымда, «Жас өлкетанушы» 29 маусым – 8 шілдеде, «Жігер» әскери-патриоттық лагері 11 шілде – 20 шілдеде, «Жас құтқарушылар» 23 шілде – 1 тамызда, «Жас турист» 4 тамыз – 13 тамыз, «Жас полиглот» 16 тамыз – 25 тамызда демалады. Биыл жоғарыда аталған лагерьлерде барлығы 1690 оқушы жазғы демалыспен қамтылуы тиіс. І-ІІ ауысымдарда «Евразия» ТСК – 311, «Самал» ТЛ 71 баланы өз қызықтарымен қуантты. 
Облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының «Самал» туристік лагері базасында 2012 жылдан бері кәсіптік және техникалық колледж оқушыларына арналған әскери-патриоттық «Жігер» лагері жұмыс жасайды.

1

2

3



 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан