«Дарын» қосымша білім орталығы базасында биыл да жазғы лагерьлер жұмыс жасауда
29.06.2018 12:42

«Дарын» қосымша білім орталығы базасында биыл да жазғы лагерьлер жұмыс жасауда. Жазғы каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру мақсатында 28 мамыр мен 6 маусым аралығында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға арналған «Достық құшағында - 2018» атты мәдени-танымдық жазғы ауысымы өткізілді. Бұл ауысымда 12 аудан және облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешені, отбасылық үлгідегі балалар ауылынан барлығы 79 оқушы тынықты.
«Дарындағы» жазғы лагерьдің екінші кезеңі 11-20 маусым аралығында болды. «Жас эрудит – 2018» бейінді ауысымына жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық олимпиада, ғылыми жоба т.б байқаулардың жеңімпаздары, олимпиада резерв мектебінің қатысушылары, оқу үздіктері, барлығы 90 оқушы қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оның ішінде олимпиада резерв мектебінің оқушыларының саны – 34, аудан, облыстық мектептерден 56 оқушы тартылды.
Облыстық білім басқармасының арнайы бұйрығымен 25 маусым – 1 шілде аралығында жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің 4-10 сынып оқушыларына арналған «Үш тұғырлы тіл – 2018» атты қазақ, орыс, ағылшын тілдер бейіні бойынша мәдени-танымдық ауысымы өткізілуде. Ауысымда 91 оқушы қамтылды. Соның ішінде 12 ауданнан - 40 оқушы, Самара облысының «Ақ жол» аймақтық қазақ ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымы өкілдері (4-10 сынып оқушылары) – 18 оқушы (1 жетекші), аз қамтылған отбасы балалары – 3, «Зерде» интеллектуалды олимпиадасының жүлдегерлері – 3, «Дарын» кәсіподақ комитетінің жанынан ұсынылған жолдама бойынша – 1, ақылы – 25 оқушы демалуда.
Мамыр-маусым айларында өткен жазғы ауысымда 369 оқушы демалыспен қамтылып отыр.
Ағымдағы жылдың 9-15 шілде аралығында жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің оқушылары, қабылдаушы отбасында тәрбиеленетін жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен қорғаншылар (қамқоршылар), патронаттық тәрбиешілерге арналған «Мен отбасыммен біргемін – 2018» атты бейінді мәдени-танымдық ауысымы жоспарланып отыр.
«Дарындағы» жазғы лагерьлер кезінде балалар облыстық экологиялық-биологиялық орталығына, орталық жанындағы хайуанаттар бағына, «Рухани жаңғыру» музейіне, облыстық тарихи-өлкетану музейіне, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында, Оқушылар сарайындағы бассейнге, Х.Есенжанов атындағы кітапхана барып, демалыстарын қызықты өткізуде. Сондай-ақ облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының мамандары жазғы лагерь демалушыларын роботты техниканың негіздерімен таныстыруда.

1

2


 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Авторизация



Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан