«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
29.06.2018 12:39

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өңірдің білім беру жүйесін цифрландырудың 2018-2020 жылдарға арналған жол картасы дайындалғаны белгілі. Жол картасы шеңберінде облыстық білім басқармасының жоспарлы шаралары жасақталды. Солардың бірі - біздің өңірімізде «Academia» педагогикалық шеберлік виртуалды зертханасы» білім беру онлайн порталы тренерлері өткізіп жатқан тренингтер. «Білім беруге арналған интерактивті құралдар. Мұғалім білуі тиіс технологиялар» тақырыбындағы курстар біздің өңірімізде мың мұғалімді қамтуы тиіс. Тренерлер курсқа қатысушылардың алғашқы легін (520 мұғалім) Орал қаласында, Зеленов, Теректі, Бөрлі, Шыңғырлау аудандарында оқытуды бастап кетті. Ал келесі топқа (480 мұғалім) арналған курстар тамыз айында өтетін болады. Дәл қазір осындай тренинг Теректі ауданы Подстепный ауылындағы №1 ҚЖОББМ-де өтіп жатыр. Оған 46 педагог қатысып отыр. 
Енді бұл тренингтің ерекшелігі неде? Ұйымдастырушылар бұл туралы не дейді? Тренинг мұғалімдер үшін өзекті тақырыптардан құралған. ХХІ ғасырдың дағдыларын сандық технология қолдану арқылы қалыптастырудың қолданбалы тәсілдерімен таныстырады. Мұғалімдердің оқу жаттығуларын құрастыру тәжірибесін байыту үшін практикаға, бірлескен жұмысқа және ғылыми зерттеулерге негізделген. 24 академиялық сағат барысында педагог-кадрлар талқылау, өз жұмыстарымен бөлісу және белсенді араласу арқылы қазіргі заманғы өзекті біліктілікке ие бола алады. Тренинг мазмұнына Microsoft компаниясымен мұғалімдер үшін арнайы дайындалған базалық курс алынған.
Мұғалім қарапайым білім беруші ғана емес, өзекті ХХІ ғасыр дағдыларын оқушы бойында сандық технологияны пайдалану арқылы қалыптастыру білігіне ие маман бола алады. Тапсырма құрастырудың қолданбалы техникаларын меңгереді. Тапсырманың мақсаттылығын және сапасын бағалап үйренеді. 
Тренинг сапасын арттыру мақсатында аталмыш салада тәжірибелі, АКТ қолдану дағдыларына ие және Microsoft компаниясының сертификатталған мамандары тартылды. Олар - аталмыш бағытта тренинг өткізу тәжірибесінен өткен, ұстаздар қауымының бүгінгі мәселелерімен жақсы таныс және тиісті қолдау мен қызмет көрсете алатын кәсіби мамандар. Сонымен, тренерлер қатарында Microsoft Educator Influencer, Google Educator II TEDEd Club ұйымдастырушысы, Academia педагогикалық шеберлік зертханасының үйлестірушісі Ескендір Бестай, ғылыми еңбектер мен әдістемелік оқу құралдарының авторы, «Ұстаз» орталығының тренері Саят Ибаримов, ғылыми еңбектер мен әдістемелік оқу құралдарының авторы, «Нұр-Әлем» орталығының директоры Нұржан Абзеров, Microsoft Innovative Educator Ақпараттық сауаттылық саласының білікті маманы, медиа өкілі, Болашақ стипендиаты Талғат Алманов, Microsoft Innovative Educator Халықаралық деңгейдегі тәжірибелі маман, Жоба басқару ісінің шебері, Болашақ стипендиаты Еркебұлан Әзімхантегі, тағы басқалар бар.

1

2

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Авторизация



Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан