«Рухани жаңғыру» бағдарламасы
21.06.2018 19:13

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының облысымызда жүзеге асу барысын зерделеуші республикалық комиссия өкілдері бүгін бірқатар білім саласы нысандарына мойын бұрды. Жайық өңіріне жауапты жұмыспен келген ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Есет Бәйкен, ҚР Ұлттық музейі «Қазақстан тарихы» бөлімінің ғылыми қызметкері Динара Каримова, Ақпарат комитетінің қоғаммен байланыс орнату және мемлекеттік органдармен үйлестіру жөніндегі басқарманың бас сарапшысы Жазира Жұмағұлова «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан іс-шараларымызбен танысты. Комиссия мүшелері бағдарламаның өңірдің білім саласында қаншалықты тамыр жайғанын байқап-бағамдау үшін жасаған қадамдарын таңертең қаладағы №47 «Бәйтерек» бөбекжайдан бастады. Қаламыздағы «Ескі әуежай» ауданында орналасқан үштілді бөбекжайдың бүгінде 360 бүлдіршінді қанатының астына алып, тәрбиелеп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының алтын дәнін сеуіп отырғанына риза болысты. Осындай зәулім де сәулетті ғимараттың қарапайым халыққа қолжетімділігін көрді. Бұл жерде меймандардың назарын аударған бірінші нәрсе, әрине, біздің бүлдіршіндеріміз. Бал тілді өрендер тартыншақтамай, тақпақ айтып, ән шырқап, би де биледі. Тіпті, халқымыздың игі дәстүрі «Қыз бен жігіт» айтысынан, қуыршақ театрынан көрініс көрсетті. Комиссия өкілдері бөбекжайдың саз бөлмесінде біраз бөгеліп, «Жаңғыру» композициясын ұмсына тамашалады. Монтессори кабинетінің жұмысымен танысып, бөбекжай ауласындағы «Метеорологиялық алаңға» қызығушылық танытты. Бұл жердегі күн сағаты, жел бақылағыш құрал, бағдар, құстарға арналған ұя, жем сауыт секілді дүниелер балалардың күнделікті назарындағы дүниелер екенін, табиғатты, қоршаған ортаны танып білудің алғашқы баспалдағы осы жерде басталатынын білді. Бөбекжай директоры Г.Тлекқабылова үстіміздегі жылдың 1-қаңтарынан бастап баланы балабақша кезегіне қоюдың автоматтандырылғанын айтып өтті. Орал қаласында 50 мемлекеттік, 50 жекеменшік балабақша бар екенін, жеке бөбекжайлардың 44-і мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыс жасап жатқанын қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова мәлімдеді. Облыс орталығында балабақшаның жалпы қолжетімділігін айғақтайтын бұл ақпар қонақтардың көңілінен шықты.
Осы аудандағы №37 жалпы орта білім беретін мектебі – комиссия мүшелері аялдаған екінші нысан. Бұл жерде облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде орындалған іс-шараларға басымдық берді. Басқарма басшысы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының үш бағыты – «Отаным – тағдырым», «Саналы азамат», «Өлкетану» бағыттары бойынша, қаңтардан мамырға дейін 44 шара өткізілгенін, ол шаралардың бір-біріне ұқсамайтын әртүрлілігін және қоғамға пайдалы жақтарын тілге тиек етті. – «Батыс бердинг – 2018» чемпионатынан кейін құстардың үнжазбасын есту қабілеті төмен балаларға арт терапия кезінде қолдану қалыптасты. Осындай ізгілікті мұрат еткен жобалардың бірі – халықаралық мәнге ие «28 ілмек» жобасына биыл білім басқармасы да үн қосты. Жоба аясында 1500-дей киім-кешек тоқылып, облыстық перинатальдық орталыққа сыйға тартылды. Осылайша, 300 шала туылған шақалақтың өмірін сақтап қалуға үлесімізді тигіздік. Тағы бір қоғамға пайдалы жоба – «Саябақтар шеруі» деп аталады. Оған 14 мыңдай бала қатысты. Нәтижесінде 10 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, 8 бұлақты көзін ашылды, 16 мың түп ағаш егілді. Тағы бір қызықты жоба – қоқыс қалдықтарын сұрыптауға қатысты болып отыр. Бұл жауапкершілігі жоғары іс. Біз балаларды балабақшадан, мектептен бастап қоқысты сұрыптау мәдениетіне үйретсек, ертең олар ата-аналарына ықпал ететін болады. Келесі жаңашыл жобамыз - білім беру жүйесі қызметкерлеріне арналған «БатысБілімTalks» лекторийі. Бұл аудитория алдында күнделікті өмірде қолға түсе бермейтін нағыз өз ісінің шеберлері, білікті мамандар келіп, дәріс оқуда. Бұл педагогтеріміз үшін өте қажетті жоба деп санаймын, - деген Шолпан Маратқызы лекторийдің маңыздылығына, басқа да сәтті жобаларға тоқталды.
Білім ұясында қонақтар роботты техниканың тілін меңгерген, құлтемірлер әлемінен сыр шерткен зерек оқушыларға зейін қойды. Бұдан әрі көрме залында болып, жас шеберлердің қолөнер бұйымдарын тамашалады. Мұнымен бұл мектептің «тосынсыйлары» біткен жоқ. «Ұлағат» әкелер қауымдастығымен жүздесуде ұлына жол көрсеткен әкелердің шеберлігі тәнті етті. Ағаштан мүсін жоныған Болатбек (Баймағамбетов) әке, қазақтың ұлттық аспабы - домбыра жасауды сүйікті ісіне айналдырған Аслан (Серікбай) әке, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақтан республикаға танымал жүлдегерлер даярлап жүрген Қанапия (Қаяпбергенов) әке, балдырған балаларға арналған әртүрлі тіл дамыту құралдарын, санамақтар шығарып, ағартушылық іс тындырып жүрген Талап (Таймасұлы) әкелердің өнегесі өз ұрпағына ғана емес, барша жұртшылыққа үлгі боларлықтай еді. Тағы бір көңіл сергіткен сәт - бұл мектепте «Қазақтың 100 әні» жобасы енгізілгелі бері қоңырау сәтінде балалар караокемен ән айтуды дағдыға айналдырып келеді. Халық композиторларының әндерін! Қонақтар бұл сәтке де куәлік етті. Ал мектептің мәжіліс залында астаналық аға-апаларын жаңа толқын - Еріктілер лигасының мүшелері күтіп тұрған еді. Бұл жылы кездесу жанып тұрған жалынды жастарымызды бұрынғыдан да қанаттандыра түсті.
Бұдан кейін жаңағы топ ақпараттық-технологиялар колледжіне ат басын тіреді. Колледждің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы тың бастамаларын үздік те белсенді студенттердің аузынан естіп, «Жас өркен» бизнес клубының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Тұңғыш Президент атындағы музей мен Мәншүк Мәметова атындағы колледж мұражайына бас сұқты.
Астаналық делегация мүшелері тоқтаған соңғы нысан – облыстық экологиялық-биологиялық орталығы. Мұндағы өсімдіктер әлемімен қоса жануарлар саябағы да келушілердің көңілінен шығып жүргені кім-кімге де аян. 2006 жылы ашылғалы бері мұнда келушілер легі бір толастаған емес. Қазақстан бойынша Семей мен Батыс Қазақстан облысында ғана бар жануарлар бағы түрлі аң-құстардың тұрақты мекеніне айналып үлгерді. Орталық директоры Фатима Кежікованың айтуынша, 2017 жылдың өзінде жануарлар саябағына 53 мың адам бас сұққан. Орталық жұмысымен танысу барысында соңғы кездері сал балалардың дертіне дауа – иппотерапияның қолданыла бастауы, көптеген ауруларға шипа беретін Денсаулық соқпағы астаналық делегацияның назарын аударды.

1

2

3

4


 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Авторизация



Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан