Ұлттық бірыңғай тестілеу
20.06.2018 11:13

Биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу 15-ші рет өткізілуде. Облыс бойынша мектепті 5 192 түлек аяқтаса, соның 3 748-і ҰБТ-ға қатысуға шешім қабылдап отыр. Бұл түлектердің жалпы санының 72 пайызы.

ҰБТ біздің өңірде Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университеттерінде орналасқан 9 тестілеу пунктінде өтетінін бұдан бұрын хабарлағанбыз. Биылғы жылы тестілеу уақыты 3 күнге – 20,21,22 маусымға белгіленді.
Бүгін 20 маусымда ҰБТ-ны Ақжайық (259 түлек), Бөрлі, Бөкей ордасы (107 түлек), Жәнібек (155), Казталов (234), Қаратөбе (142), Сырым (163), Тасқала (98), Шыңғырлау (68), Зеленов (97), Теректі (101) аудандары және Орал қаласының оқушылары (706) да тапсыруда. Біз бүгін таңертең тестілеу қосыны орналасқан М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы 720 ҰБТ өткізу пунктінде болып қайттық. Ұлттық тестілеу орталығының 720 ҰБТӨП-ң басшысы Диляра Амирғазина емтихан барысы туралы баяндады. Мұнда І кезеңде 608 түлек ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген (оның 374-і қазақ тілінде, 234-і орыс тілінде). Нақтылай кетсек, олар – Зеленов ауданының - 14, Орал қаласының 16 мектебінің түлектері. Ертең сағат 13.00-ге дейін аппеляциялық комиссия жұмыс жасайды. (22 маусымда өтетін ІІ кезеңде 621 түлек тестілеуден өтуі тиіс. Ал аппеляциялық комиссия 23 маусымда өз қызметін атқарады). Тестілеу таңертеңгі сағ.9.00-де басталып, 3 сағат 50 минутқа созылмақ. Тестілеуді өткізу технологиясы толық сақталып, рамалық және қол металл іздегіштермен 57 гаджет алынып қойылған. Арнайы жабдықталған аудиторияларда ауа салқындатқыш жұмыс істейді, ауыз сумен қамтамасыз етілген. Барлығы 8 аудиторияда тестілеу өтуде. Бұған қоса резервтік аудитория да сақадай сай тұр. Психологтар, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ІІД, тағы басқа да жауапты мекемелер қызметкерлері маңызды шараның өз дәрежесінде өтуіне өз үлестерін қосуда. ҰБТ кезінде бірыңғай саII-орталығы іске қосылды. Яғни, еліміз бойынша 88000807177 нөміріне қоңырау шалу тегін. Сондай-ақ үнемі жүргізіліп отырған онлайн-трансляция тестілеудің ашықтығын, мөлдірлігін қамтамасыз етуде. Айта кету керек, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да орналасқан Ұлттық тестілеу филиалы басшысы Әлібек Есімовтің айтуынша, І кезеңде ҰБТ тапсыруға 459 түлек өтініш білдірсе, ІІ кезеңге 491 талапкер қатысқалы отыр (барлығы 950 түлек).

1

2

3

4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан