Жас түлектер үшін есте қаларлық күн
Monday, 18 June 2018 09:33

Бүгін алтын ұяларынан қанаттарын қатайтып, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектер үшін есте қаларлық күн. Бүгін жуық арада балалық шақпен, білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебімен, ұлағатты ұстаздарымен мәңгіге қоштасатын 2018 түлектің күні. Жүректерін қимастық кернеген мектеп бітірушілер құрметіне арналған кеш Абай алаңында түлектер шеруімен шымылдығын түрді. Қаламыздағы облыстық деңгейдегі мектептер, шаһарға тиесілі білім ошақтары оқушыларынан кейін шерудің соңғы легінде еліміздің мақтаныштары, 95 «Алтын белгі» иегерлері сап түзеп өтті. Оның 64-і қалалық, 31-і облыстық мектептердің шәкірттері.
Жас түлектерді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов құттықтап, шынайы тілегін жеткізді. Жастарды жан-жақты білім алуға, тәуелсіз елімізді гүлдендіруге, жаңа қадамдар жасауға шақырған Ғабидолла Абдоллаұлы халықаралық, республикалық олимпиадалар, ғылыми жобалар мен түрлі байқаулар жеңімпаздарын дүйім жұрттың алдында марапаттады. Түлектер тілегін, түлектер алғысын облыстық "Білім -инновация" мектеп-лицей-интернатының түлегі Петри Адам, эстетикалық бағыттағы гимназия түлегі Алина Садыкова, №35 мектеп лицейінің түлегі Виталий Конюxовтар жылы лебіздерімен жеткізді. Бұдан соң "Руxани жаңғыру" бағдарламасының символы, еркіндік пен ерліктің символы - Қыран құстың макеті көкке самғады. 
Бұл шараның дәстүрлі ережесі - түлектер вальсі! "Мектеп вальсін" Қазақстан мәдениет саласының үздігі, сазгер Жаскелең Қайсағалиев пен №45 мектебінің түлегі Юлия Верстина шырқап, жұптасқан жастар таныс әуенге қалықтай тербелді. Әрине, мектеп тақырыбындағы xиттер попурриі, "Аялаған Астана" флешмобы да бүгінгі балдың шырайын айшықтаса, "Элдивино" клубының ди-джейі кештің көрігін одан сайын қыздырды. Түлектер кеші ұл-қыздарымыздың арман-мұратын көк әлеміне алып ұшқан жұлдызды отшашумен тәмам болды.

1

2

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан