ҰБТ өткізуге дайындық туралы баяндама
14.06.2018 16:39

Бүгін БҚО Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы Ұлттық тестілеу филиалы басшысы Әлібек Есімов ақпарат құралдары өкілдерімен жүздесіп, ҰБТ өткізуге дайындық барысы туралы баяндады. Білім басқармасы басшысының айтуынша, Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл елімізде 15-ші рет өткізілгелі отыр. Облыстағы білім ұяларынан 5 192 түлек қанатын қомдап, соның 3 748-і ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген. Бұл бітірушілердің жалпы санының 72 пайызы.
Біздің өңірде ҰБТ Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында және М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ университеттерінде орналасқан 9 тестілеу пунктінде 20,21,22 маусымда өтеді. 20 маусымда Ақжайық, Бөрлі, Бөкей ордасы, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының оқушылары, 21 маусымда Жаңақала, 20-22 маусымда екі кезеңде Зеленов, Теректі аудандары және Орал қаласының оқушылары тапсырады. Бес пәннен тұратын тестілеудің 3-уі міндетті пәндер, 2-уі қалаған мамандығына сәйкес таңдау пәндері. Тест тапсырмалары 120 сұрақтан тұрады. Максималды балл –140, шекті балл - 50. Ұлттық университеттерге - 65 балл, «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл (бұл Ұлттық университетке), ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, - деген Шолпан Маратқызы ҰБТ өткізу барысындағы жаңалықтарға тоқталды. Биыл мамандықтар тізбесі, бөлінген гранттар, сонымен қатар, өткен жылдағы конкурстың қорытындысы туралы ақпараттық қағаз беріледі. ҰБТ мен КТ-ға себепті жағдайлармен қатыса алмаған жағдайда тапсырушы келесі ауысыммен тапсыру мүмкіндігіне ие болады. Ерекше оқытуда қажеттілігі бар балалар жеке көмекші және ымдау тілі маманымен қамтамасыз етіледі. Мектепте оқыту тіліне (қазақша, орысша, ағылшынша) қарамастан, оқушы қалауына сай тілде тест тапсыра алады. Алайда, биыл бірде-бір түлек ҰБТ емтихандарын ағылшын тілінде тапсыруға өтініш бермеген. ҰБТ кезінде бірыңғай саII-орталығы іске қосылады. Яғни, еліміз бойынша 88000807177 нөміріне қоңырау шалу тегін болмақ. Сонымен қатар биыл ЖОО мемлекеттік білім грантын тағайындауда «Алтын белгі» иегерлерінің басқа бітірушілермен балдары бірдей болған жағдайда ғана құқығына басымдық берілмек. Біздің облысымызда биыл 288 «Алтын белгі» иегерлері болса, үміткерлер саны – 289.
Бұдан соң Шолпан Маратқызы ҰБТ-ны өз деңгейінде өткізу үшін басқармамен жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Айталық, облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ҰБТ-ға дайындық барысында онлайн режимінде сабақтар өткізілсе, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ҰБТ жөнінде мақалалар жарияланып, телеарналарда сұхбаттар ұйымдастырылған. Оған қоса аудан, қала мектептері «Достық», «USTUDY» білім орталығы, Ұлттық тестілеу орталығы кітапшаларымен қамтылып, онлайн байқау сынақтарын ұйымдастырған. Аудандық, қалалық білім беру бөлімдері бірнеше рет байқау сынақтарын өткізген.
Облыстық білім басқармасы, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлерімен бірге барлық ҰБТ пункттерін және оқушылардың тұру, тамақтану, қону орындарын алдын ала тексеріп, мониторинг жүргізеді. Тестілеуді өткізу, тамақтану және қону орындарында жергілікті медицина мекемелері басшыларымен бекітілген медициналық қызметкерлердің кезекшіліктері ұйымдастырылады. ҰБТ-ны айқын және объективті өткізу мақсатында қажетті құралдармен қосымша қамтамасыз ету үшін аудандық білім беру бөлімдері жұмыстар жүргізілсе, ұялы байланыс сигналын тұншықтырғыш құралмен және онлайн трансляциялауды қамтамасыз ету үшін жабдықтауға бейнекамералар сатып алынған. Жалпы, ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстық білім басқармасының базасында штаб құрылып, барлық тиісті шаралар бақылауға алынған. Ағымдағы жылы ҰБТ-ның қам-қарекетіне барлығы 7 582,0 мың теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде тамақтануға – 4 080,0 мың теңге, қонуға – 1 067,0 мың теңге, тасымалдауға – 2 433,0 мың теңге қаржы бағытталып отыр.
Өз кезегінде келесі спикер – Әлібек Сұпығалиұлының мәлімдеуінше, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы Ұлттық тестілеу қосынында тестілеу кезінде ҰБТ-ны өткізу технологиясы толық сақталуы тиіс. Бұл үшін барлық талаптар ескеріліп, жағдайлар жасалған. – ҰБТ емтихандары болатын күні тестілеу қосындарының жұмысы таңертең ерте басталады. Тест тапсырушылар үшін де солай. Кіреберістен түлектер рамалық, қол металл іздегіштермен тексеріліп, рұқсат етілмеген, алып кіруге тыйым салынған заттар алынады. ҰБТ жергілікті уақытпен таңертеңгі 9.00-де басталып, үш жарым сағатқа созылады. Тестілеу аяқталған соң тестілердің жауап парақтары ҰБТ орталығында жұмыс істейтін министрлік өкілінің қарауына беріліп, сканерден өткізіледі. Кейбір түлектер аты-жөндерін, тест нұсқаларын дұрыс жазбауы мүмкін, сол себепті сәйкестендіру жүргізіледі. Содан кейін ғана қорытынды файл Астанаға ҰБТ орталығына жіберіледі. Нәтижесі келгеннен кейін, дұрыс жауаптары шығарылып, ілінеді, - деді Ә.Есімов.
Бұдан соң әдеттегідей журналистердің сұрақ-жауаптарына кезек келді. Барлық сауалдарға ашық әрі нақты жауап беруге дағдыланған басқарма басшысы бұл жолы да өз бағытынан тайған жоқ. Шолпан Маратқызы педагог кадрлардың аттестациясы, 1-4 сыныптарды тегін ауқаттандыру, БҚМУ мен басқарма арасындағы педагог-мамандарды даярлау ісіндегі әріптестік, қоғамда наразылық туғызып келген ауыр сөмкелерден арылу бойынша алынып жатқан шаралар туралы ақпарат құралдары өкілдері сауалдарына жан-жақты жауап берді.

1


 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі