«Өлкетану» курсы бағдарламасы
13.06.2018 09:10

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 2017 жылғы 26 сәуірдегі Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 1.3. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы бағдарламасын әзірлеген болатын.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «Қазақстан тарихы», «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Музыка» пәндерінің аясында оқылады. Әр өңірге өзінің оқулығын әзірлеу тапсырылды. Осыған орай, оқулық шығаратын баспа анықталып, «АрманПВ» баспасына таңдау жасалды. Авторлық ұжым құрамы жасақталды. Құрамына ғалымдар, практик-мұғалімдер тартылды. Бүгінде оқулықтың алғашқы жобасы дайындалып, облыстық білім басқармасының edu-bko.gov.kz сайтында жарияланды. Осыған орай көпшіліктен оқулық жобасымен танысып, пікір қалдыруларыңыз сұралады.

1

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан