ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Сұранысқа ие мамандық – механизатор байқауы
05.06.2018 17:57

Ауыл шаруашылығы саласында сұранысқа ие мамандық – механизатордың үздігін анықтау үшін кешелі бері Зеленов ауданы, Зеленов колледжі базасында облыстық байқау өтуде. Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (Сырым, Жәнібек, Рубежка, Жалпақтал, Бөкей орда, Теректі, Шыңғырлау, Зеленов, Тайпақ, Тасқала, Ақжайық, Қаратөбе колледждері) студенттері арасында ұйымдастырылды. Зеленов ауданының орталығы Переметный ауылына жан-жақтан жиылған 12 үміткер кеше байқаудың бірінші кезеңі – тестілеуден өтіп, теориялық білімдерін қорғады. Ал бүгін «Кәсіби шеберлік» деп аталған екінші кезеңде трактор жүргізуде бес әдісті басшылыққа алса, практикалық бөлімде ауыл шаруашылығына қажетті қарекет - жер жыртудан шеберліктерін сынға салды.
Байқаудың салтанатты ашылуына облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев, ауыл тұрғындары, Зеленов ауданындағы шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуы шараның салмағын, мән-мазмұнын еселей түсті. Және көпшілік алдында сөйлеген сөзінде басқарма басшысы Шолпан Маратқызы «темір тұлпардың» тілін білемін деп келген жастарға сәтті қадам тіледі.
- Байқау қатысушыларының әрбірінің артында үлкен ұжым тұр. Оларды даярлаған жетекшілердің де еңбегі зор. Елбасымыз соңғы жылдары кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға көп көңіл бөліп келеді. Бүгін жүлделі орындар нағыз өз ісінің шеберлерін табатынына сенімдімін. Осы байқауды ұйымдастыруға атсалысқан Зеленов ауданы әкімшілігі мен Зеленов колледжіне алғысымды білдіремін, - деген Шолпан Маратқызы жастар арасында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, насихаттау – байқау мақсаты екенін айтып өтті.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашевтың айтуынша, біздің өңірде мұнай-газ секторымен бірге ауыл шаруашылығы саласының да алар орыны ерекше. Сала өндірісін дамыту үшін бүгінгі таңда механизатор, тракторшы, комбайнер секілді мамандықтарға сұраныс мол. Сондай-ақ Елбасының өндірісті цифрландыруға қатысты тапсырмасы аясында ауыл шаруашылығын цифрландыруда жаңа технологиялар қолданысқа енгізілуде. Механизатор мамандарға деген қажеттіліктің туындауына бұл да бір себеп. - Бүгінгі байқауға осы ауданның бірқатар ірі шаруашылық басшылары қатысып отыр. Сондықтан жастарға өздерін жетік маман ретінде көрсетуге зор мүмкіндік деп санаймын, - деді Денис Молдағалиұлы.
Байқауға өз колледжінің сенімін арқалап келген бөкейлік Баймұрза Меңдешов фермер мамандығына оқып жүр екен. - Ауыл баласы болған соң, маған бұл мамандық жат емес. Ауыл тірлігінде ауыр техниканың да алатын орынын білесіз. Әкем механизатор. Мал өсіреміз. Бала жасымнан малға шөп шауып, қыстық азық жинап, жер жыртып, әкеме қолғабыс етіп келемін. Болашақта жеке қожалықты басқарып, әкемнің ісін жалғағым келеді, - десе, Тасқала колледжінің студенті Николай Харахорин темір тұлпардың құлағында ойнағанды ұнатады екен. Сол себепті таңдауы осы мамандыққа түсіпті. - Түрлі техниканың тілін білген жақсы ғой. Оларды жүргізіп қана қоймай, жөндеп, әр бөлшегіне үңілу маған аса қызық, Оның үстіне механизатор - ерлерге жарасатын мамандық. Келешекте білімімді әрі қарай жалғастырғым келеді. Қалай болғанда да өңіріміздің ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесімді қосамын, - дейді ол.
Бұдан соң сайыскерлер байқау талаптарын орындауға кірісіп кетті. Ауыл шетіндегі үлкен алаңда екі топқа бөлінген қатысушылардың бір бөлігі трактор техникасымен байқау шарттарына сай алдын ала дайындалған аумақтан жүріп өтсе, екінші бөлігі осы техникамен жер жыртуға барын салды. Айта кету керек, байқау барысында қауіпсіздік ережелері толықтай сақталды. Техникаға отырған үміткерлердің жанында нұсқаушы маман болды.
Облыстық білім басқармасы, оқу әдістемелік кабинетінің жоспарына сай өткізілген «Үздік механизатор» байқауы жеңімпаздарының есімдері түстен кейін белгілі болды. Бірінші орынды Рубежка колледжінің студенті Дарын Темірболатов (жетекшісі Александр Кобанов) жеңіп алса, екінші орынға Зеленов колледжінің студенті Игорь Новеньков (Виктор Погадаев) табан тіреді, үшінші орынды Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің студенті Әлішер Омар (жетекшісі Есболсын Күнбатыров) місе тұтты. Зеленов колледжі жеңімпазының оқыту шебері Виктор Погадаевқа «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» қоғамдық бірлестігі атынан Бурабай шипажайында демалуға жолдама берілді. Сондай-ақ өзге қатысушыларға да білім басқармасының атынан сертификаттар табысталып, марапатталды.

1

2

3

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан