Сәлем саған, Астана!
01.06.2018 15:49

Бүгін қаламызда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Сәлем саған, Астана!» атты балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдері және оркестрлерінің шеруі үш мыңнан астам жастың қатысуымен өтті. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында жастар арасында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбиені дамытуға арналған кең ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов арнайы қатысып, балалар мерекесіне орай құттықтау сөзін арнады. – Мұндай шара елімізде екінші мәрте өткізіліп отыр. Астанада және Қазақстанның басқа қалаларында да бүгін осындай шеру өтіп жатыр. Бірлігімізді нығайтуға бағытталған шеру жыл сайын дәстүрге айналып, балалар үшін ең жарқын оқиға ретінде есте қалады деген үміттеміз, - деді М.Сатқанов.

Шерушілер Әбілхайыр хан даңғылымен С.Датов көшесінің қиылысынан Тұңғыш Президент атындағы жаңа алаңға дейінгі аралықты сән-салтанатпен жүріп өтті. Қала көшелері сан алуан түске боялып, қызыл, сары, көк түсті киімдерімен менмұндалаған жауқазын жастарға толды. «Шексіз балалық шақ», «Ұлы дала саздары», «Рухани жаңғыру», «Аялаған Астана!», «Жаса, Қазақстан!» деген атаулармен сап түзеген үрлемелі және соқпалы, ішекті аспаптар ансамбльдері, барабаншылар, мажореткалар, черлидерлер, патриоттық клубтар, хор және би ұжымдарын Тұңғыш Президент атындағы алаңда қала тұрғындары, мәдени-көпшілік шараны тамашалауға жиналған жұртшылық қуана қарсы алды. 
Біз бүгінгі мереке иелеріне жақындап, сөзге тартуды жөн санадық. №17 мектептің оқушысы Камила Қадырғалиева биыл 8-сыныпқа көшіпті. - Мереке өте ұнады. Осының бәрі біз үшін ұйымдастырылып отырғаны қуантады. Жаңа қала көшелерімен сап түзеп жүріп өткенде, көкірегімді қуаныш кернеп, бір ерекше патриоттық сезімге бөлендім. Тәуелсіз елімізде бақытты өмір сүріп жатқаныма шын қуанамын, - деді Камила. Ал кішкентай Аянат Бисембаева №9 мектептің бүлдіршіні. Ол да би билеп, бүгінгі шерудің шынайы, көңілді өтуіне титімдей болса да өз үлесін қосты. «Маған да шеру ұнады» деп риясыз күлімсіреген балақай алаңдағы барлық балалардың шалтты көңіл күйінен хабар бергендей болды. 
«Жаса, Қазақстан» колоннасында бой түзеген Білім-инновация лицейінің 9-сынып оқушысы Әбілтай Абдрахман да бүгінгідей естен кетпес қызықты сәттердің көп болғанын қалайтынын жасырмады. - Бүгінгі шеруге барлық сыныптастарым қатысуда. Біз мектебіміздің атын шығаруға әрқашан дайынбыз. Сондықтан осы жерден табылдық. Мерекелік шеру маған ерекше ұнады. Келешекте парадтың қайталанғанын қалаймын, - дейді ұлан.

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан