ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


«Жұлдызайдан» жүлде көп.
31.05.2018 12:34

Елордадан жағымды хабар жетті. ХІІІ «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылық фестивалінде облысымыздан барған арнайы мектеп -интернат тәрбиеленушілері топ жарып, жеңімпаздар қатарын толықтыруда.

Атап айтсақ, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары Рысхан Дәріс 15 - 18 жас аралығында «Вокал» номинациясынан, Диана Сарманова 10 - 14 жас аралығында «Вокал» номинациясынан І орынды жеңіп алып, өңіріміздің мерейін асқақтатты.

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп - интернатының оқушылары Зәріп Бірлік «Хореография» номинациясы бойынша І орынды және «Көркем қолданбалы өнер» номинациясы бойынша Резниченко Татьяна ІІІ орынды иеленді.
Облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат кешенінің «Арман» би тобы «Хореографиядан», сондай-ақ «Бейнелеу өнері» аталымы бойынша Дина Иржанова ІІ жүлделі орыннан көрінді. Ал «Ым-қимыл әні» номинациясы бойынша Анастасия Тимошенкова ІІІ орынмен қуантып отыр. Бұл жеңіс - балаларды өнерге баулыған Р.Искакова, А.Амандықова, А.Тіленберлиева, Э.Абулхайрова, Ж.Ихсанова, Б.Валиев секілді жетекшілердің де жеңісі екенін ескерген жөн.

 

1

2

3


 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан