Есту қабілеті бұзылған балалар арасында өткен халықаралық пәндік олимпиаданың қорытындысы туралы |
2013 жылдың 24 – 25 қаңтар күндері (РФ) Тольятти қаласындағы № 5 мектеп-интернаты базасында есту қабілеті бұзылған балалар арасында халықаралық пәндік олимпиада өтті. Біздің облыстан халықаралық олимпиадаға есту және сөйлеу қабілеті бұзылған бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты кешенінің төрт оқушысы қатысты. Батыс Қазақстан облысынан қатысқан барлық қатысушылар жүлделі орындар мен мақтау қағазымен марапатталды. Математикадан 9 – сынып оқушылары арасынан Ж. Камалиева 1 орын иеленді. (мұғалімі Н. Мендыбаева). Орыс тілінен 7 – сынып оқушылары арасынан В. Сламихина 1 орын иеленді. (мұғалімі К. Нарымбаева). Математикадан 4 – сынып оқушылары арасынан М.Бисенова 3 орын иеленді. (мұғалімі В. Брызгина). Географиядан 9 – сынып оқушылары арасынан Е.Сихов 3 орын иеленді. (мұғалімі Е. Сихов). Халықаралық пәндік олимпиада қорытындысымен есту және сөйлеу қабілеті бұзылған бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты кешені директоры мен педагогикалық ұжымына алғыс хат табыс етілді. |