Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз!
29.05.2018 18:13

Балақайлар көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз!» демекші, енді балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарында тұр. Бүгін «Дарын» қосымша білім орталығында «Достық құшағында – 2018» бейімді мәдени-танымдық І ауысымның ашылу салтанаты өтті.

Бұл ауысымға арнаулы мектептер мен жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар қатысуда. Ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Б.Неталиева, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің кеңесшісі А.Исламғали арнайы қатысып, жас жеткіншектерге жақсы көңіл күй мен сәтті демалыс тіледі.

Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылынан келген Ернұр Сейілханов лагерьдің өте ұнағанын айтып, өз әсерімен бөлісті. – Маған «Дарынға» келгенімде ең бірінші апайлар ұнады. Сосын табиғаты тамаша екен. Тал-теректері көп. Аманжол, Әлішер, Данияр секілді көөп достар таптым. Мұнда бес мезгіл тамақ береді. Қарным ашып жүрген жоқ. Тек аздап атам мен әжемді сағындым, - деген қарадомалақты алдағы күндері көп қызықтар күтіп тұрғанын айтып сендірдік. Шын мәнінде, ауысым кезінде балалар облыстық экологиялық - биологиялық орталығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театры, Оқушылар сарайындағы бассейн, Х. Есенжанов атындағы кітапхана, облыстық шығармашылық-техникалық орталығы, облыстық білім беруді ақпараттандыру мекемесіндегі роботты техника орталығындағы құлтемірлер әлемімен жақынырақ танысады, шығармашылық, танымдық техникалық білімдерін кеңейтеді.

«Дарын» қосымша білім орталығындағы жазғы легарь жұмысы төрт ауысымға негізделген. Екінші ауысым «Жас эрудит», үшінші ауысым «Үш тұғырлы тіл», төртінші ауысым «Мен отбасыммен біргемін» деп аталмақ.

Жалпы, биыл жазғы кезеңде 1-10 класс оқушыларының жалпы санынан 92,1 пайызын демалыспен қамту жоспарланып отыр. Жылдағыдай мектеп жанындағы лагерьлер желісі демалыстың басым бөлігін құрайды.

1 маусымда облыс бойынша 575 лагерь ашылып, 18 мыңнан астам оқушы тынығады деп күтілуде. Соның ішінде 12 демалыс лагері ашылып, 701 оқушыға демалыс сыйламақ.

 

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан