Педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуі өткізілді |
Monday, 28 May 2018 08:53 |
Елімізде алғаш рет педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу қолға алынды. Білім басқармасымен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БжҒМ-ның 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығы негізінде бүгін өңірімізде педагог кадрлардың ұлттық біліктілік тестілеуі басталды. Бұған дейін түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, тест тапсыруға ниет білдірген педагогтардың базасы құрылған болатын.
|