Педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуі өткізілді
28.05.2018 08:53

Елімізде алғаш рет педагог қызметкерлердің ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу қолға алынды.

Білім басқармасымен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БжҒМ-ның 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығы негізінде бүгін өңірімізде педагог кадрлардың ұлттық біліктілік тестілеуі басталды. Бұған дейін түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, тест тапсыруға ниет білдірген педагогтардың базасы құрылған болатын. 
Облыстық білім басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы Жанна Абдраxманованың айтуынша, облыс бойынша 3548 педагог, оның ішінде 1258 – педагог-модераторға, 1546 – педагог-сарапшыға, 731 – педагог-зерттеушіге, 12 – педагог-шеберге тест тапсыруға өтініш білдірген.
Біліктілік тестілеуі бүгін облыс бойынша 7 пунктте өткізілуде: Ақжайық ауданы (Ақжайық және Жаңақала), Бөрлі ауданы (Бөрлі және Шыңғырлау), Казталов ауданы (Казталов), Сырым ауданы (Сырым және Қаратөбе), Жәнібек ауданы (Жәнібек және Бөкей ордасы). Тестілеу облыс орталығында екі нүктеде – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да (Орал қаласы, Тасқала ауданы, облыстық мектептер), М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да (Орал қаласы, Зеленов, Теректі аудандары) өтіп жатыр. Тестілеу екі кезеңмен, яғни 26-28 мамыр күндері өтсе, аппеляциялық комиссия 27-29 мамыр күндері жұмыс істейді.

 

"

2

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан