Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешеніндегі соңғы қоңырау
25.05.2018 17:22

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені де биылғы оқу маусымын жемісті аяқтады. Бүгін өңіріміздегі маңдайалды білім ұясынан қомданып ұшқалы отырған түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов куәлік етті. Мектеп ұжымын, биікке қол созған түлектерді, жазғы демалысқа асығулы шәкірттерді құттықтаған Ғабидолла Абдоллаұлы еліміздің білім жүйесінің халықаралық стандарттармен терезесі теңескенін, оның дәлелі - жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасының енгізілуі екенін, өңірімізде 27 білім нысаны ел игілігіне өтсе, 8 білім ұясының құрылысы жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. 
Салтанатты жиында облыстық, респуликалық, халықаралық олимпиадалар мен білім додаларында маңдайы жарқыраған марғасқа шәкірттердің есімі бұл күні айрықша аталды. Әрбір жылда ұстаздың да, шәкірттің де үздігін анықтау қазір білім ұяларында бар дәстүр. Бұл орайда педагогикалық кеңестің шешімімен Қадыржан Лұқпанов есімді ұстаз «Жыл мұғалімі», 11-сынып оқушысы Айнұр Наукенова «Жыл оқушысы» аталымдарына лайық деп табылды. Өңірдегі жетістігі мол, жаңашыл білім ордаларының көшін бастап тұрған мектепте білім алушы 883 оқушының 234-і оқу озаты. Ал мектеп қабырғасынан жарқын келешекке бет алған 77 түлектің 13-і «Алтын белгіге» үміткер. 
Ұл-қыздарына білімнің нәрін сеуіп, нұрын құйған ұстаздарға, барша мектеп ұжымына - ата-аналардың да, түлектердің де ақжарма тілектері бұл күні телегей-теңіз ақтарылды. Ең көңіл толқытарлық осы сәт - Сәкен мектебінен самғай ұшқан 77 қыранның жадында мәңгі сақталады деп сенеміз!

1

2

3

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан