ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


№33 мектепте соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті
25.05.2018 17:16

Бүгін қаламыздағы №33 мектепте соңғы қоңырау салтанатты жиыны облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқановтың қатысуымен өтті. Салтанатты шараға ата-аналар, шәкірттер, ұстаздар қауымы тегістей қатысты. Әрине, осы топтың ішінде үмітін үкілеген түлектер ерекше дараланды. Облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов оқу жылын тәмамдаған білім ұясының, педагог қызметкерлердің еңбегіне табыс, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге сәттілік тіледі. Елбасымыздың білім саласына айрықша көңіл бөліп, білімді жастарды тәрбиелеуге маңыз беріп отырғанын баса айтты. Мемлекеттік туды көтеру құрметі Қазақстан тарихы және өлкетану пәнінен қалалық, облыстық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы Дарбай Нұрбергенге және қалалық ғылыми жоба, әлеуметтік жобаларының жеңімпазы, қалалық пәндік олимпиада жүлдегері Таупова Заринаға бұйырды.
Салтанатты жиында сынып жетекшілеріне де құрмет көрсетіліп, ортаға шақырылды. Ұлағатты ардагер ұстаз Дәметкен Хасанова, І санатты бастауыш сынып мұғалімі Аида Оразова, І санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Самал Қосуақовалар түлектердің алғашқы ұстаздары болатын. Сондай-ақ мектептің мерейін өсіріп, абыройын асқақтатқан білімпаз, өнерлі, дарынды түлектердің де есімдері аталды.
Олар - Ислам Акбараков – ағылшын тілі пәнінен ғылыми-конференциясының ІІІ орын иегері, олимпиада жүлдегері. Петимат Гебертаева - қалалық орыс тілі пәнінен ғылыми жобадан ІІ дәрежелі диплом иегері. Дилназ Жағыпарова – облыстық шығармалар байқауының жеңімпазы. Азамат Сисенғалиев – орыс тілі пәнінен ғылыми конференцияның ІІ дәрежелі диплом иегері, спорт шеберіне үміткер. Гүлназ Лукманова - өнер байқауларының жеңімпазы. Салтанат Жарылғапова – домбыра өнерін бойына сіңірген талант иесі. Тілекқабыл Мұратов – «Шахмат» сайыстарының ІІ разряд иегері. Зарина Бектен – республикалық КИО олимпиадасының жеңімпазы. Гаухар Еркін - республикалық шығармалар сайысының ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегері. Лаура Тоқсанбаева – мектебіміздің мақтанышы, қалалық, облыстық, республикалық өнер байқауларының І орын иегері. Эльзира Серікова – математикалық регата сайысының жеңімпазы. Серікбол Болатов – қалалық, облыстық, республикалық каратэ жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы. Айзада Дайнова – облыстық шығармалар сайысының І дәрежелі диплом иегері, республикалық КИО олимпиадаларының жеңімпазы. Камилла Халитова - Қазақстан тарихы пәнінің ғылыми конференциясының ІІ орын иегері, қазақ тілі мен әдебиет пәні олимпиадасының жеңімпазы, қалалық мәнерлеп оқу сайыстарының жүлдегері, дарынды ақын. Арон Амандықов - қалалық технология және сызу пәндері сайыстарының жеңімпазы, физика пәнінен олимпиада жүлдегері. Жаннұр Жұмағалиева - республикалық КИО олимпиадаларының жеңімпазы, биші. Лаура Сағынғалиева - облыстық шығармалар сайысының ІІІ дәрежелі диплом иегері, дзюдо спорттық сайысының жеңімпазы. Әлішер Қужақов - қалалық спорт жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы.
Мектеп басшысы Үміт Ерғалиева білім ұясынан самғай ұшқан балапандарына жарқын болашақ тілеп, оқу жылын ойдағыдай аяқтаған ұжымына ризашылық білдірді. Ал қалалық білім байқауларының, мәнерлеп оқу сайыстарының жеңімпазы Камилла Халитова білімнің алтын кілтін Алтын белгіге үміткер, мектеп президенті, 10-сынып оқушысы Бекзат Жолдығалиевке тапсырды. Және дәстүрге сай 10 сынып оқушылары мектеп түлектерінен аманат қабылдап, білім мен тәрбиеде алда болуға, мемлекетті гүлдендіруге, мектеп мәртебесін биік ұстауға өз үлесімізді қосамыз деп ант берді.

1

2

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан