ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Назарбаев зияткерлік мектебіндегі соңғы қоңырау
25.05.2018 17:13

Міне, тағы бір оқу жылын аяқтадық. Бүгін облысымыздың барлық деңгейдегі мектептерінде, бір мезетте соңғы қоңырау салтанатты жиындары өтті. Облыс әкімі Алтай Көлгінов үздік ұстаздарымен, үздік шәкірттерімен, үздік білім беру жолымен дараланған Назарбаев зияткерлік мектебіне келіп, білім ордасының қуанышына ортақтасты. Ақ Жайықта осыдан алты жыл бұрын есігін айқара ашқан Елбасы атындағы мектеп биыл төртінші түлектерін ұядан ұшырды. Бүгінгі күн білім ұясынан қанатын қомдаған 85 түлектің, 85 қарлығаштың мерекесі десек артық айтпаймыз. Өйткені бар ықылас, бар тілек, бар құрмет соларға арналды. Салтанатты жиында облыс басшысы Алтай Көлгінов түлектерге сәт-сапар тілеп, ұстаздар еңбегіне жоғары баға берді.

- Биыл Назарбаев зияткерлік мектептеріне - он жыл. Бұл - еліміз үшін орыны бөлек мереке. Бүгінгі таңда Елбасының, мемлекеттің қолдауымен ашылған барлық өңірлердегі Назарбаев зияткерлік мектептерін әлем таниды.
Біздің түлектеріміз өз білімдерін еліміздің дамуына, өркендеуіне бағыттап отыр. Сіздер біздің шырайлы шаһарымызбен бірге өсіп келесіз. Елімізбен, мемлекетімізбен бірге өсіп келесіз. Олай дейтінім, бұл маңайда мектепті салған кезде осы ғимараттан басқа ештеңе жоқ еді. Қазір қарасаңыздар, зәулім үйлер, әлеуметтік нысандар бой түзеді. Тағы да құрылыс жүріп жатыр. Бұл - мемлекеттің дамуының көрінісі. Біз жас, тәуелсіз мемлекетпіз. Бірақ тарихымыз терең. Ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ең бақытты ұрпақ сіздер, Тәуелсіз Қазақстанның ұрпағысыздар. Елбасымыз білімге деген құштарлықты арттыру үшін барлық жағдайды жасауда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасында да ең табысты болудың кілті білімде екенін атап өтті. Биыл «Бес әлеуметтік ұсынысында» Елбасымыз қосымша білімге тағы көңіл аударды. Сіздер үшін жиырма мың грант берді. Қосымша жатақханалар салуды жүктеді. Оның бәрін орындаймыз. Біз сізге сенеміз, ата-аналарыңыздың, ұстаздарыңыздың, мемлекетіміздің сенімін ақтаңыздар. Алдыңызға биік меже, үлкен мақсат қойыңыздар. Армандарыңыз орындалсын. Қазір цифрландыру уақыты, инновацияның заманы. Мұндай заманда біліммен ғана жетістікке жетуге болады, - деді Алтай Сейдірұлы.
Бұдан соң облыс басшысы «Жылдың үздік оқушысы» номинациясын 11-сынып оқушысы Талапов Әзизге табыстады.
Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі биылғы оқу жылын 7-12 сынып аралығындағы 560 оқушымен тәмамдап отыр. Мектеп бітіруші түлектер қазіргі таңда Кембридж университеті кеңесінің халықаралық емтихандарын сәтті тапсырып, нәтижелерін күтіп жүр. Олардың арасында алыс-жақын шетелдік ЖОО-лардың (АҚШ, Германия, Финляндия, Қытай, Түркия, Ресей Федерациясы) 14 грант иегері бар. Білім ошағында 105 жергілікті және 9 шетелдік педагог қызмет етеді. Оның ішінде мұғалім-сарапшылар, модераторлар, сертификатталған тренерлер, ғалымдар, жаңартылған білім беру бағдарламасы оқулықтарының авторлары және құрастырушылары бар. Салтанатты жиында сөз алған мектеп директоры Тимур Нұркешовтің айтуынша, білім ұясы биылғы оқу жылын сәтті аяқтады. 8-сынып оқушылары Бекбол Болатов пен Дастан Тыныштық Қарағанды қаласында өткен «Roboland-2018» халықаралық байқаудан 3-орын, Алматыда өткен «Infomatrix» халықаралық сайысынан 8-сынып оқушысы Эламир Қадырғалиев 2-орынды иеленді. 11-сынып оқушысы Талапов Әзиз екінші мәрте Мәскеуде өткен халықаралық «Архимед» өнертабыстар мен инновациялық жобалар салонына қатысып, жүлделі екінші орын алды және «Архимед» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ Әзиз Талапов NURINTECH республикалық инновациялық жобалар байқауында 3-орын, 11-сынып оқушысы Данияр Арыстанов республикалық пән олимпиадасында орыс тілі мен әдебиеті бойынша 1-орын, 11-сынып оқушысы Варвара Качало республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасынан 3-орын, Зарина Абдуллиева республикалық «Наурыз кездесулері-2018» ғылыми жобалар сайысынан 3-орын алып, мектеп мерейін асырды.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде дәстүрлі «Қоғамға қызмет ету» жобасы жыл бойы жүзеге асты. Биылғы оқу жылында жоба аясында 40-тан астам ерікті көмек және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Мектеп жатақханасындағы оқушылар көздері нашар көретін балаларға арнап «Тактилді әліппенің» екінші кітабын және аудиокітаптың кезекті серияларын жасақтады.
«Біз – бір отбасымыз», «Даналық бейсенбісі» жобалары аясында ата-аналардың қатысуымен 50-ден аса көпшілік мәдени-спорттық шаралар өтті.
Соңғы қоңырау салтанатында мектеп оқушылары көрсеткен «Бала шақтан болашаққа...» композияциялық қойылымы аса әсерлі шықты. Түлектердің ұстаздарына, мектебіне арнаған жылы лебіздері де қимастықпен өрілді. Биылғы оқу жылында соңғы рет соғылған қоңырау үні түлектер үшін ғана емес, біз үшін де ыстық естілгенін жасыра алмаймыз.
Санайғақты сөйлетсек, биылғы оқу жылын облыс бойынша 381 жалпы білім беретін мектеппен, 5203 түлекпен аяқтағалы отырмыз. Соның 3752-сі ҰБТ-ға қатысады. 2016-2017 оқу жылында 11 сыныптарды 4422 оқушы тәмамдады, оның 3036-сы ҰБТ-да өз білімдерін көрсетті.
Бұл күні облыс әкімінің орынбасарлары Ғ. Оспанқұлов дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп-интернат кешеніне, М.Сатқанов №33 мектепке барып, соңғы қоңырау салтанатына қатысты.

 

1

2

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан