Экологиялық жиналыс
22.05.2018 08:58

Бүгін «Еуразия» туристік-сауықтыру орталығында облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сай білім беру ұйымдарында балалардың бойына экологиялық мәдениетті сіңіру жұмыстарын іске асыру мақсатындағы семинар-кеңес өтті.

Аталмыш кеңестің өтуіне ҚР Энергетика министрлігінің 2022 жылға дейінгі қалдықтармен жұмыс істеу бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы 2018 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығы себеп болды. Бейресми жағдайда, орталық аумағында өткен кеңес жұмысына облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Аманғалиев, білім беру мекемелерінің басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Басқосуға модераторлық еткен облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығына орай білім басқармасымен де іс-шаралар жоспары құрылғанын және жоспар шеңберінде жұмыстар басталып кеткенін айтып, қоқыс қалдықтарын арнайы контейнерлерге сұрыптап салуды балаларға балабақшадан бастап үйретуді қолға алудың маңыздылығын сөз етті. - Экологиялық мәдениетті балаларға ерте жастан сіңіру арқылы олардың ата-аналарына да әсер етуге болады, - деді Шолпан Маратқызы.

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының директоры Виктор Фомин қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуды осыдан 4-5 жыл бұрын бастап кеткен орталықтың тәжірибесімен бөлісті. Семинар-кеңеске қатысушылар тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдар көрмесін тамашалап, пластикалық бөтелке, әйнек, қағаз секілді қоқыстарды салу үшін қойылған түрлі түсті контейнерлерді көрді. Орталықта тіпті ағаш жапырақтары да қоқыс есебіне кірмейді екен. Жапырақтарды жауын құрттармен шірітіп, оны кәдімгі тыңайтқыш ретінде пайдалану көптен тәжірибеге енген. 
Бұдан соң жиналғандар қағаз өнімдерінің қалдықтарын жинаумен шұғылданатын «ФОССТИС ХХІ» ЖШС директоры Ерлан Капишевты тыңдады. Ал өз кезегінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Айсұлу Абдрахманова ел Үкіметімен Экологиялық кодекске өзгерістер енгізілгенін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына сұрыпталмаған қоқыс қалдықтарын төгуге тыйым салынатынын, осыған байланысты ел арасында түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп отырғанын баяндады. Басқармамен дайындалған арнайы бейнероликтерді қатысушылар назарына ұсынды. 
«Орал-Таза Сервис» ЖШС бөлім басшысы Жасұлан Ешмұхамбетовтың айтуынша, қаламыздың аумағында үш мыңға жуық қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлер бар. Оның 1624-і ескі үлгідегі (0,75 текше метр) контейнер болса, 1332-сі жаңа үлгідегі еуро (1,1 текше метр) контейнер болып табылады. Сондай-ақ елу шақты 8 текшеметрлік порталдар орналасқан. Қаладан күніне шамамен 200-250 т ҚТҚ шығарылады. Ол – 1000-1200 текше метр қалдық деген сөз. Әрине, уақыт талабына сай тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселесі де күн тәртібіне шығып отыр. Қазіргі таңда қала аумағында 700-ге жуық ҚТҚ алаңы болса, оның 55-іне ПЭТ ыдыстарын жинайтын контейнерлер орналастырылған. Осы алаңдарға енді әйнек және картон жинауға дербес ыдыстар қойылатын болады, - деген Жасұлан Нұрболатұлы қалдықтарды сұрыптап бөліп салу жөнінде түсіндіру шараларын білім беру ұйымдарында да жүргізуге мүдделі екендіктерін жеткізді.

 

 

1

 

 

2

 

 

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан