"Абай оқулары"
16.05.2018 18:08

Облыстық білім басқармасының "Дарын" қосымша білім орталығында бүгін ХХ "Абай оқулары" басталды. "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған облыстық деңгейдегі шара Абай мен Шәкәрім шығармаларын, әдеби мұраларын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды көздейді.

Орталықтың әдіскері Бақтыгүл Биялиеваның айтуынша, xалқымыздың ұлы ақынының жыр маржанын төгуге былтыр 52 бала қатысса, биыл 61 оқушы үміттерін үкілеп келген екен. Бәрі де аудандық, қалалық "Абай оқуларының" жеңімпаздары. Шара "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу), "Көңілім әнді ұғады" (Абай мен Шәкәрімнің ән-күйлерін орындау), "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" (оқушылар өз өлеңдері мен әндерін орындайды), "Ұлылар әлемі" (Абай мен Шәкәрім еңбектеріне эссе жазу) тәрізді төрт бөлімнен тұрады. Жеңімпаздар ағымдағы жылы тамызда Семей қаласының Абай ауданында өтетін "Абай оқуларына" жолдама алады. Қос ақынның шығармашылығына бойлаған жас дарындардың қарлығаш жырларын, жалпы өнерін бағалауға айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова, ақын Талап Таймасұлы, тіл жанашыры, ұстаз Зейнолла Мүти, доцент, білім саласының ардагері Өтебай Құспан, тағы басқалары төрелік етпек.
Байқау нәтижесінде Абай және Шәкәрім шығармаларын жатқа оқудан 1-орынды зеленовтық Мәдина Ибрагим, 2-орынды Орал қаласы, №12 мектептің оқушысы Әйгерім Арыстанова мен сырымдық Сабина Әділжан, 3-орынды қаратөбелік Нұрханша Хамза, бөрлілік Назерке Бижанова, теректілік Асылзада Марленовалар тең бөлісті."Көңілім әнді ұғады" бөлімінде 1-орынды бөкейордалық Гүлпара Табылдиева жеңіп алды. 2-орынды жаңақалалық Кәмила Жексенғалиева мен Вальдорф атындағы МГ оқушысы Анастасия Гулембо, 3-орынды шыңғырлаулық Нұргүл Байғалиева мен қаладағы №45 мектептің оқушысы Гүлім Ізімғалиева, Сәкен мектебінің оқушысы Тоқтар Серіковтер бөліске салды. "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" бөлімінде Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің оқушысы Инабат Рахимова жүлдегер атанды. ал 2-орынға Зеленов ауданынан қатысқан Қадыр Мерекеұлы, Сәкен мектебінен Ақгүлім Ерболова табан тіреді. 3-орын тасқалалық Данагүл Избанова, қаратөбелік Ақжарқын Қожахметова, шыңғырлаулық Дархан Мақсотовтарға бұйырды. Ал "Ұлылар әлемі" бөлімінде 1-орынды С.Сейфуллин атындағы ОДБАМҚМИК оқушысы Альмира Әлмембет қанжығалады.2-орынды қаратөбелік Анель Шайжан мен теректілік Ақбота Меңдіхан иемденсе, 3-орынды бөкейлік Бекзада Мейірбекқызы мен қазталовтық Айгүлім тасжанова, сырымдық Дильназ Зағыпар місе тұтты.

 

1

2

3

4


 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі