Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде цифрлық сауаттылық бойынша оқу сабағы ұйымдастырылды
16.05.2018 16:34

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 15 мамырында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде цифрлық сауаттылық бойынша оқу сабағы ұйымдастырылды. Алдымен БҚО білім басқармасының кәсіптік білім және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева студенттерді цифрлық бағдарламаны жүзеге асырушы мемлекеттік ұйымдар өкілдерімен таныстырды. Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Бәуыржан Кәкішев, менеджер - Бақыт Бекмағамбетова «Электрондық үкімет порталы» , АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» Айбек Мәжитов «Ашық үкімет», «Қазпошта» АҚ БҚОФ өкілі Асхат Мендігалиев «е-commerce» тақырыбында дәріс оқыды. Лекторлар электрондық қызмет көрсету порталына тіркелу, электронды қолтаңба, мекенжай туралы анықтама секілді тұрлі анықтамалық құжаттарды алу, мобильді қосымшалар, онлайн-дүкен бойынша ақпараттар берді. 
Шараға 517 студент қатысты. Студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, іс-тәжірибе жүзінде көрсетілді. Кездесу студенттерді электрондық қызметтерге онлайн тапсырыс беруге үйретіп, келешекте пайдалануға алғашқы дағды қалыптастырды. 
Мұндай шара ағымдағы жылы 15-22 мамыр аралығында қаланың барлық колледждерінде өтеді.

1

2

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан