Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіндегі кездесу
Wednesday, 16 May 2018 16:29

Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж базасында жақсы бір басқосудың куәсі болдық. Облыс орталығындағы колледждер мен мектептерден шақырылған мамандар республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелерімен жүздесті. Облысымызға арнайы келіп жатқан «Нұр-Мүбәрәк» университетінің доценті, психолог Ph.D докторы Әлия Төлегенова мен Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау қоғамдық қорының атқарушы директоры, дінтанушы Толғанай Мұстафина жат ағымдардың шырмауына тез арбалатын жастармен, әсіресе қыз балалармен жұмыстану, оларға психологиялық көмек көрсету, қалыпты өмірге бейімдеудің жолдарын жан-жақты баяндап, ұстаздарға бағыт-бағдар берді.

 

Басқосу барысында ұстазға да, ата-анаға да қажетті көп мағлұмат айтылды. Мәселен, елімізде деструктивті сипаттағы жалған діни ұйымдар мен радикалдық ағымдардан зардап шеккендерге кеңес беру жұмыстарымен айналысатын арнайы байланыс желісі жұмыс істейтінін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Бұл орайда қауырт желінің «114» нөміріне хабарласып, өз мәселеңізді шешуге, кеңес алуға мүмкіндігіңіз бар. Тағы бір айта кетерлік жәйт, діни саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша сенімді ақпарат алуда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ресми интернет-ресурсы – «www.din.gov.kz», «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ-нің - «niac.gov.kz», «Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы» РММ-нің «mckr.kz» сайттарын қолдану – дұрыс шешім болмақ. 
Ал ислам дінінің мәселелерінен хабарлы болу үшін «kazislam.kz», «old.muftiat.kz», «azan.kz», «muslim.kz», «ummet.kz», «sunna. kz», «fatua.kz», «islam-atyrau.kz», «mazhab.kz», «islam.kz» секілді сайттарға жүгінген жөн. 
Қонақтар білім беру мекемелерінің өкілдерімен ашық сұқбаттасып, қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмады. Басқосу соңында меймандар қатысушыларға дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша материалдар жинақтарын таратты.

1

2

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан