"Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2018" облыстық байқауы
15.05.2018 15:40

"Руxани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында өтетін облыстық білім басқармасының шаралар легі саябырсыған жоқ. Бүгін қаламыздағы №21 мектеп базасында шымылдығын түрген "Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2018" облыстық байқауы - осы шаралардың заңды жалғасы.

Дәл қазір Орал қаласынан (Кереевтер) және Ақжайық (Сәрсенғазиевтер), Бөкей ордасы (Хансұлтановтар), Бөрлі (Шариповтар), Зеленов (Алиповтар), Қаратөбе (Әзербаевтар), Тасқала (Еслашевтар), Теректі (Бекеновтар), Шыңғырлау (Елемесовтар) аудандарынан 9 отбасы қатысуда. Байқау 4 кезеңге негізделіп отыр. Бірінші бөлім "Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы" деп аталады. Яғни, отбасы мүшелері өздерінің сүйіп оқитын кітаптарынан көрме ұйымдастырып, таныстырады. "Түймедақтар" сайысы деп аталған екінші бөлімде қатысушылар әдеби сұрақтардың дұрыс жауабын табуы керек. Үшінші бөлімде "Оқылған шығарманың мазмұнына сай мақал-мәтел табу" міндеттелсе, соңғы бөлім "Білім көзі - кітапта" деп аталады. Мұнда отбасылар өздері ойдан құрастырған ертегіден көрініс көрсетуі тиіс. Әрине, қатысушылардың дайындығын әділ қазылар алқасы сарапқа салатын болады. Байқауда жанұя мүшелерінің білімге құмарлықтары, ой-өрелерінің өлшемі, сөйлеу дағдылары таразыға түсті. Байқауды көре отырып, кітаптың жан дүниеміздің асыл қазынасы, руxани байлықтың өлшемі, интеллектіміздің көрінісі екенін бағамдадық. Кітап оқуды отбасылық дәстүрге айналдырған жанұялардың үлгі тұтарлық тірлігіне риза болыстық. Әсіресе, кітап оқитын көкөрімнің көптігі қуантты. Отбасының асыраушылары - отағалардың кітап оқуға уақыт тапқаны сүйсіндірді. Ақпарат ағынына теледидар ілесті, бұдан соң қоғам көшіне ғаламтор иелік ете бастады. Бір қызығы екеуі де кітаптың орнын алмастыра алған жоқ. Демек, кітап бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Бүгінгі байқау осы ақиқаттың дұрыстығын дәлелдеді. Отбасылар руxани құндылықтардың материалдық байлықтан да бағалы екенін көрсетті.

Байқаудың бас жүлдесін Ақжайық ауданынан қатысқан Сәрсенғазиевтер отбасы жеңіп алса, 1-орынды Орал қаласынан Кереевтер отбасы, 2-орынды Бөрлі ауданынан Шариповтар отбасы, 3-орынды Тасқала ауданынан Еслашевтар отбасы бөліске салды. "Білімпаз отбасы" аталымымен Шыңғырлау ауданынан келген - Асуовтар, "Үздік креативті отбасы" аталамымен қаратөбелік Азербаевтар отбасылары марапатталды.

 

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан