Биылғы жетістіктер
14.05.2018 11:24

Биыл өңіріміздің білім саласында «бәрекелді» дейтіндей жағымды жаңалықтар көбейіп тұр. Бұл жолы да шәкірттеріміз өз жетістіктерімен қуантып, төбемізді көкке жеткізді. Сүйінші хабардың шетін шығарып айтар болсақ, ағымдағы жылдың 6-8 мамыр аралығында Алматы қаласында жаратылыстану-математика бағыты бойынша және Тараз қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша Қазақстан білім олимпиадасы өткізілген болатын.

Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету мақсатында өткізілген білім додасында республиканың түкпір-түкпірінен келген білімпаздар өз білімдерін ортаға салып, бақ сынасты. Аталған екі бағыт бойынша Білім-инновация лицейінен 36 оқушы қатысып, 23 жүлделі орынды иеленіп қайтты. Мектеп мақтаныштары - Мәліков Бекарыс, Кенжебаев Әлішер, Амантайұлы Алпамыс, Нұрбеков Шыңғыс, Мырзабайұлы Иманғали, Мақсотов Жамбыл жүлделі І орынды, Жанаев Еренбақ, Бекболат Қайсар, Хабдрашит Ершат, Нұрлан Нұрмұхан, Шинбай Алмаз, Тасмұханов Руслан, Уксукбаев Тимур, Дүйсенбі Темірхан, Қонақбаев Айбек, Сейл Бахтияр, Сатыбалдиев Тілеген жүлделі ІІ орынды, Серікқали Бейбарыс, Жұмабаев Бексұлтан, Мүбәрак Бауыржан, Сағынғали Дамир, Баймұхан Ернар, Амиров Азамат жүлделі ІІІ орынды лицей қоржынына салып, облыстық білім басқармасының мерейін бір көтеріп тастады. 
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан өрендеріміз жаратылыстану-математика бағыты бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, Білім-инновация лицейі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

 

1

2

3


 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан