Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жаратылыстану пәндері оқытушылары арасындағы облыстық педагогикалық оқулары

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  жаратылыстану пәндері оқытушылары арасындағы облыстық педагогикалық оқулары  Білім басқармасының 2013 жылдың 16 қаңтардағы №23 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы химия, биология, география пәндерінің берілуінің қазіргі деңгейін   анықтау, техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің озық тәжірибелерін, шығармашылықтарын жариялау, тарату, насихаттауға жағдай жасау, әріптестерімен әдістемелік және шығармашылық байланыстарын кеңейтуге және бірлесіп әрекет етуге ынталандыру мақсатында 2013 жылдың 30 қаңтарында  А. Иманов  атындағы жол-көлік колледжі базасында  ұйымдастырылды.

Облыстық педагогикалық оқулар екі кезеңнен құрылды. Сырттай түрде өткізілген І кезең бойынша іріктелген 16 педагогиалық оқу атаулы пәндерден таңдаған тақырыптарын көпшілік алдында қорғады.

Техникалық және кәсіптік білім беруде жалпы білім беретін пәндерді оқытудың сапасын арттыру, колледж оқытушыларының кәсіби мәртебесін көтеру мақсатында өтілген бұл шараға облыстағы колледж оқытушылары белсене қатысты. Колледждерде жалпы білім беретін пәндердің сапасын арттыру жолдары, оқыту әдістемелері, жаңа технологиялардың қолданылуы, пән оқытушыларының ғылыми-ізденушілік жұмыстарға көзқарастары –шараның мазмұнын аша түсті.

Облыстық педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының дипломдары және грамоталарымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының төменде аталған оқытушылары:

І орын – Ж.Е. Бисалиева (Орал ақпараттық технологиялар колледжі);

ІІ  орын – Т.Қ. Жұмағалиева (Жаңақала колледжі);

ІІІ орын – Г.Ж. Джуматаева (Орал политехникалық колледжі);

«Ізденуші жас маман» - А. Беркалиева (БҚ инженерлік-технологиялық колледжі);

«Ақпараттық технологияны тиімді қолданушы» - Е. Кадыров (М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ колледжі);

«Ғылыми зерттеуші» - З. Турмуханбетова (Орал «Мақсат» медициналық колледжі);

«Өзекті мәселені жан-жақты қамтыған» - Н. Джуматаева (Орал гуманитарлық-техникалық колледжі)  марапатталды.

Оқытушылардың үздік жұмысының желісі (тезисі) педагогикалық оқу тезисінің жинағында басып шығарылады.

 

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан