Ардагерге деген құрмет!
03.05.2018 16:22

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бастаған зиялы топ өңіріміздің білім саласына сүбелі үлесін қосқан еңбек ардагері Істілеу Сүндетұлы Сапаровтың шаңырағында болды. Бұл басқосудың өз мәні мен себебі бар екенін бағамдап отырған шығарсыз. Істілеу Сүндетұлы бүгін, 3-ші мамыр күні мерейлі 90 жасқа толып отыр. Облысымыздың даму жолында өзіндік ізі қалған еңбекторы азаматтың торқалы тойын өңір басшылығы да ескерусіз қалдырмады. Облыс әкімі Алтай Көлгінов қарияны қабылдап, құрмет көрсетті.

Сонымен Шолпан Маратқызымен бірге білім саласының ардагерлері Марат Қадыров, Өтебай Құспанов, Светлана Бисембаева, Ердан Катаев та ақсақалды құттықтай барды. Тоғызыншы ондыққа аяқ басса да, сөзі салиқалы, жүріс-тұрысы ширақ қария өзіне таныс жандардың жүзін көргенде жадырап сала берді. Облыстық білім басқармасы атынан құттықтаған басқарма басшысы Шолпан Маратқызы бар саналы ғұмырын еліміздің, қала берді Ақ Жайықтың өркендеуіне арнаған, бүгінде сол төгілген тердің зейнетін көріп отырған мерейтой иесінің құшағын гүл шоқтарымен толтырып, сый-сияпатын табыстады. 
Ал облыс басшылығынан бастап мойын бұрып отырған бұл ақсақал кім десек, Істілеу Сүндетұлы 1947-50 жылдары облыстық халықтық білім беру инструкторы, 1950-53 жылдары Тайпақ ауданы Калмыков орта мектебінің директоры, 1953-62 жылдары облыстық партия және облыстық атқару комитетінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасаған. 1963-1983 жылдары облыстық халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі болып абыройлы еңбек еткен. Осы жиырма жылда өңіріміздің білім саласына сіңірген еңбегі өлшеусіз. 1983-89 жылдары облыстық атқару комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған. Бірнеше орден-медальдардың иегері.
Әлі күнге газет-журналдарды үзбей оқып, білім саласындағы, жалпы ең тынысындағы жылт еткен жаңалықтан хабарлы боп отыратын Істілеу Сүндетұлы бірге еңбек етіп, бір терінің пұшпағын илескен ізбасар-әріптестеріне, көзі тірісінде кейінгі буынға үлгі етіп, қадыр тұтқан білім саласының басшылығына алғысын білдірді.

1

2

3

4

5

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан