«Достық» фестивалі өтті |
Wednesday, 02 May 2018 12:13 |
Үстіміздегі жылдың 30 сәуір күні Орал қаласындағы Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатында 1 мамыр – бірлік күніне байланысты «Достық» фестивалі өтті. Бұл фестивальдің мақсаты - өскелең ұрпақтың бойына этникааралық және ұлтаралық мәдениеттерді қалыптастыру, Қазақстанды мекен ететін әр түрлі ұлттардың дәстүрін, өнерін дәріптеу болды. Фестивалді тамашалауға, облыстық білім басқармасының өкілдері, облыстық мектептер мен колледждердің басшылары қатысты. Ложкарии балалар ансамблі «Николушка», Құрманғазы атындағы саз колледжінің ұжымы және облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаты құттықтау ретінде өздерінің дайындалған сазды бағдарламаларын тарту етті. |