«Құрылыс саласының кәсіби мамандарын даярлау сапасын арттырудағы басты фактор - әлеуметтік серіктестік негізінде теория мен практиканың үйлесімділігі» атты халықаралық тәжірибе алмасу семинары

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мектепке дейінгі,  жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын орындау, техникалық және кәсіптік білім, соның ішінде құрылыс саласындағы мамандарды дайындаудың сапасын арттыру, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту, теория мен практиканы тиімді ұйымдастыру мақсатында Орал политехникалық колледжі базасында 2013 жылы 11 қаңтарда «Құрылыс саласының кәсіби мамандарын даярлау сапасын арттырудағы басты фактор - әлеуметтік серіктестік негізінде теория мен практиканың үйлесімділігі» атты халықаралық тәжірибе алмасу семинары өткізілді.

Семинардың ерекшелігі – құрылыс саласы мамандықтарын даярлаудағы шешімін таппай жүрген проблемаларды талқылауға арналды.  Семинарға Ресей Федерациясының Самара, Саратов қалалары оқу орындары, Атырау, Ақтөбе облыстары және Қандыағаш өндірістік-экономикалық колледжінің  өкілдері мен колледждің әлеуметтік серіктестері  «Отделстрой» ЖШС, «Домостроитель» ЖШ, «Электромонтажник» АҚ мекемелерінің  өкілдері қатыстырылды.

Семинар бағдарламасы пленарлық және секциялық жұмыстардан құрылды. Секция жұмыстары «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері  мен арнайы пән оқытушыларының шығармашылық жұмыстары «Роль практико -ориентированного обучения  при подготовке специалистов     строительного профиля», «Ғанышкартонмен қаптау және әрлеу жұмыстарын  өндірісте жүзеге асыру әдістері», «Использование в практическом обучении строителей широкого профиля современных производственных технологий», «Өндірістік оқыту сабақтарында заманауи құрылыс материалдарын монтаждаудың жаңа технологияларын  қолдану», «Методы использования производственной базы предприятия для организации практико - ориентированного обучения» шеберлік кластары, «Колледждің әдістемелік жұмыстары туралы» іс-тәжірибелерімен  бөліссе, «Электрогазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша жұмыс тобы «Өндірістік оқыту сабақтарында газодәнекерімен бұрыштама пісіру кезіндегі оқушылардың шығармашылық қабілетін кәсіпорындарда дамыту», «Өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар», «Өндірістік оқыту сабағында оқушыларға плазмамен доғалы кесу әдісін меңгерту», «Использование новых современных технологий на производстве и в учебном   процессе», «Сварка в вертикальном, горизонтальном положении шва с разделкой кромок», «Кәсіпорындармен бірлесе отырып, кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлау», «Роль физики при  подготовке специалистов строительного направления» тақырыптарындағы шеберлік кластарының іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тәжірибе алмасса, Саратов қаласындағы Құрылыс технологиялары және қызмет көрсету техникумы он-лайн режимінде семинар барысына қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды.

Халықаралық семинардың кеңейтілген мәжілісінде «Кәсіптік-техникалық білім беруде кәсіпорындармен бірлесе оқытудың дуалды жүйесін енгізудің мүмкіндіктері» - Атырау энергетика және құрылыс колледжінің аға шебері Е.Х.Жұмағазиев, әлеуметтік серіктестік өкілетінен «Роль социального партнерства в повышении профессиональной компетенции будущих строителей» - «Отделстрой» СКФ ЖШС өкілі Е.И.Бишаева, «Интеграция учебного заведения и работодателей как эффективная форма организации производственной практики» - «Электромонтажник» АҚ Орал монтаждау басқармасының техникалық директоры В.Дорошенко пікірлерімен бөлісе отырып, қатысушыларға құнды ойларымен бөлісті.

Халықаралық семинар бәсекеге қабілетті құрылыс мамандарын даярлау ісінде техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарымен белсенді ынтымақтастығы үшін  алғыс хаттармен тәжірибе алмасу семинарына белсене қатысушылар мен жұмыс берушілерді марапаттау рәсімімен жалғасты.

 

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім бөлімі

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан