Инфоман-2018 интеллектуалдық сайысы өтті
28.04.2018 10:40

Кеше облыстық білім беруді ақпараттандыру орталығының базасында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында XIII облыстық ашық интеллектуалдық «Infoman» компьютерлік турнирі өткізілді. Турнирдің мақсаты – мектеп оқушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияларға деген қызығушылықтарын дамыту, жалпы интеллектуалдық сипаттағы шығармашылық ойлауды, іскерлік дағдыны қалыптастыру, оқытылатын пәнге қызығушылықты арттыру. Аталмыш шара бес бөлімнен тұрып, әр бөлім «Информатика теориясының білгірлері», «Алгоритмдеу және бағдарламалаудың білгірлері», «Арифметикалық және логикалық есептердің білгірлері» «Роботты техниканың білгірлері», «Интернет білгірлері» деген атауларға бөлінді. Интеллектуалдық сайысқа Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары мен С.Сейфуллин атындағы №11 ОДБАМҚМИК, №8 ОДБАММ, ОДБАММ және М.Өтемісов атындағы ОСМИ оқушыларынан құралған 14 команда қатысты. 
Қазылар алқасының шешімімен жалпыкомандалық сайыста I дәрежелі дипломға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің командасы; II дәрежелі дипломға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің командасы; III дәрежелі дипломға Зеленов ауданының Переметный орта мектебі командасы қол жеткізді. Сондай-ақ жеке сайыста I дәрежелі дипломға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы Екатерина Донскова лайық деп танылды. II дәрежелі дипломға облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің оқушысы Малика Ғабдуллина иелік етті. 
III дәрежелі дипломды облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебінің оқушысы Жақсылық Ермұханбетов місе тұтты. 
«Информатика теориясының білгірлері» информатика теориясы бойынша тестілеуде үздік білім көрсеткені үшін облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебінің оқушысы Екатерина Иванова мен Зеленов ауданы Переметный орта мектебінің оқушысы Таир Мұсақұлов, «Интернет білгірлері» интернет желісінде материалды табуда қырағылық танытқаны үшін Зеленов ауданы Переметный ЖОББМ оқушысы Кирилл Завада, «Алгоритмдеу және бағдарламалаудың білгірлері» алгоритмдеу және бағдарламалауда мүдірмегені үшін Бөкей ордасы ауданы Жәңгір хан атындағы орта мектеп оқушысы Аружан Мауленова грамоталармен марапатталды.
«Роботты техниканың білгірлері» аталымы бойынша үздіктер сапынан табылған Бөкей ордасы ауданы, Жәңгір хан мектебі, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ мектеп-интернат кешені және Бөрлі ауданы құрама командаларын да атай кеткен жөн.

1

2

3

4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан