Қадыр оқулары
28.04.2018 09:57

Сырым елінде дүбірлі той! Республикалық "Қадыр оқулары" абыз ақынның туған жерінде шымылдығын түрді. Облыстық білім басқармасының басшылығы, Сырым аудандық әкімдігінің, білім беру бөлімінің өкілдері шараға қатысушылар мен қонақтарды Жымпитыға таяу маңдағы Сырым шыққан төбеде қарсылап алып, ақтан ауыз тигізді.

«Қадыр оқуларына» келген қонақтар аудан орталығындағы Қадыр ақынның ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Алаш саябағына аялдады. Бұл жерде Алаш арыстарына тәу етіп, әр облыстан келген үміткерлер тал отырғызды.

Сырым ауданының орталығы Жымпитының мәдениет үйінде «Қадыр оқулары» байқауы басталып кетті. Жыр додасының ашылу салтанатында аудан әкімі Төлеген Төреғалиев пен облыстық білім басқармасы басшысы Шолпан Қадырова сөз сөйлеп, ақынның жыр маржанын төгуге еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас өрендерге сәттілік тіледі. Байқаудың «Сөздің бәрі құдыретті...» деп аталған ақын өлеңдерін жатқа оқу кезеңі Қ.Мырзалиев атындағы орта мектепте, «Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін» жас дарындардың ақынға арнаған шығармалары осы мектептегі Қадыр сыныбында өткізілді. «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда» - ақын сөзіне жазылған әндерді орындаушылар байқауы аудандық Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Қазылар алқасының құрамында Қадыр Мырза Әли атындағы республикалық қордың төрағасы, белгілі әнші-компазитор Донеділ Қажымов, танымал әнші-сазгер Гүлнәр Дәукенова, ақындар Айтқали Нәріков пен Талап Таймасұлы, тағы басқалар бар.

«Қадыр оқулары» тұмадай тұнық таланттарды тапты. Ақын жырларын төгілте жырлаған, қара өлеңнің шеберлері қазылар алқасын таңғалдырумен болды. Бірі ақынның 355 өлеңін жаттап келсе, бірі 250, бірі 140 өлеңін кідірмей жатқа оқиды екен. Қазылар алқасының құрамында болған тіл жанашыры Зейнолла Мүти «кенжетайымыз» деп еркелеткен рудныйлық Шұғыла Темірханова бес-ақ өлең білсе де, Қадырға деген құрметін кішкентай жүрегіне сыйғызып ала кепті. Төрешілер бүлдіршіннің осы еңбегін  бағалады. Әрине, Ақтөбе облысы, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Әйтеке Тәжібай, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы №27 ора мектебінің 10-сынып оқушысы Нұртас Өтепберген секілді дарынды жастарды айтпай кетуге болмайды. Екеуі де ақын өлеңдерін асқан актерлік шеберлікпен, жылап тұрып, күліп тұрып, ұрсып тұрып, кейде мұңайып, кейде қуанып оқығанда толқымай, тебіренбей тыңдау мүмкін болмады. Тыңдаушысын еліткен екі жас қазылар алқасының қырағы назарына ілікті. Сондай-ақ бұл күні ақынның ізбасарлары "Қадыр оқуларында" жыр сүлейіне арнаған шығармаларын да ірікпей ортаға салды. Бұл жерде төреші ақын Талап Таймасұлы ағамыз қатысушыларға бөлек талап қойып, «Батыс Алашорда» секілді тақырыпқа сол бойда өлең шығартып, балалардың суырыпсалмалығын да бір тексеріп алды. Бірақ, жас ақындар қара өлеңнен қаражаяу еместіктерін еш көмексіз дәлелдеді.

Сөйтіп, Батыс Алашорданың отаны - Жымпитыда дүбірлеген I Респубикалық "Қадыр оқулары" байқауы өз мәресіне жетті. Шара түстен кейін Гала концертпен жалғасып, жеңімпаздар есімдері белгілі болды. Ақын жырларын мәнерлеп оқудан Сырым ауданы, Сырым орта мектебі балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Береке Орынбасар бас жүлдені жеңіп алды. Береке "Қадыр оқуларының" облыстық кезеңінде 300 өлеңмен жүлдегер атанған еді. Бұл жолы жыр-қоржыны тағы 55 өлеңмен толығыпты. Осылайша Қадырдың 355 жыр-шумағын мүдірмей жатқа оқитын ұланға бас бәйге тиді. Қадырдың өлеңдеріне жазылған әндерді орындауда Бас жүлде Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе гимназиясының 5-класс оқушысы Інжу Садақбаеваға бұйырды. Ал данышпан ақынға деген өз құрметтерін өлеңмен өрнектеген жас ақындар арасынан топ жарған - Сырым ауданы Ж.Досмұxамедов атындағы орта мектеп балабақша кешенінің 6-сынып оқушысы Ақбота Ширмеддин болды. Шара соңында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысушыларға алғысын жеткізсе, Қадыр Мырза Әли атындағы республикалық қордың директоры, әнші-композитор Донеділ Қажымов ақын атындағы медальді Жымпитыдағы Қадыр Мырзалиев атындағы мектепті ұзақ жыл басқарған Гүлбақша Ерғалиеваның өңіріне қадады.

1

2

3

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан