Колледжде - халықаралық тәжірибе

Еліміздегі кәсіптік-техникалық маман иелеріне деген мұқтаждықты шешу үшін елбасының инновациялық технологиялар басшылығымен «Кәсіпқор» Холдингі құрылып, бұл бағытта жан-жақты жұмыстар жүргізілуде. Кәсіптік-техникалық мамандардың үлкен шоғырының қалыптасуы бірінші кезекте кәсіпорындар мен өндіріс орындарына қажет. Сондықтан бизнес қауымдастықтары мен жұмыс берушілердің маман дайындау ісінде белсенділігі қажет екендігі белгілі.

Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Кәсіпқор» Холдингі техникалық бағыттағы білім бағдарламаларын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес дайындап, қазақстандық және шетелдік мұнай-газ компанияларының сұраныстарын инновациялық технологиялар және әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып шешуде, мамандар даярлау сапасын жақсартуға арналған оқытудың формалары мен әдістерін тәжірибеге ендіруде мүмкіндік береді.

Өткен 2012 жылдың өзінде Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру саласының 140 маманы Сингапурда білім алу жоспарланса, бұл жобаға  «Сингапурдегі  Наньянг Политекник» оқу орны ең үлкен колледж ретінде атсалысып отырғаны белгілі. Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы инновациялық технологиялар сапалы кәсіптік  техникалық мамандар даярлау бағытында ауқымды іс-шаралар жоспарлап, жүзеге асыруда. Соның  бір дәлелі Орал қаласындағы Орал газ мұнай және салалық технологиялар колледжі мен  «Кәсіпқор» Холдингінің келісімдері арқылы Сингапурда атаулы колледж оқытушыларының біліктілігін көтеруі және оның алғашқы нәтижелерін беруін атауға болады. Ағымдағы жылдың 28 қарашасында Орал газ мұнай және салалық технологиялар колледжі базасында Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры А.О.Хамзинаның қатысуымен «Сингапурдағы «Нанянг Политекник колледжінің тәжірибесі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып, семинар бағдарламасында «Наньянг Политекник» колледжінде біліктілігін көтеріп, тәжірибе жинақтап келген колледж директоры С.Х.Мұхамбеталиевтің және арнайы пән оқытушыларының көрнекі презентациялары тыңдалып, қызу пікірталасқа ұласты.  Семинарда Сингапурдағы оқу жүйесінің қазақстандық жүйеден өзгешелігі, іс-тәжірибеде оқытушылары нақты өндірістің өкілдері болып табылатындығы, яғни олар өндірісте ең жоқ дегенде 5 жыл жұмыс істеуге міндетті екендігі аталды. «Кәсіпқор» Холдингі бастаған бағдарламаның шарты сол, шет елден алып келген тәжірибені тарату мүмкіндігіне ие оқу орындары ғана бұл бағдарламаға қатыса алады екен. Оған қоса 5 маманмен бөлісіп, 2 бастаманы тәжірибеге енгізу керек делінген. Семинарда шет елде білімін жетілдірген «Нанянг Политекник  Интернешнл колледжіндегі кадрларды қайта даярлау жүйесі» бағытында арнайы пән оқытушысы Б.К.Имашева, «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағытында Л.Е.Рамазанова, А.Х.Ахметовалар, «Мехатроника жүйесінің технологиясы» бағытында техникалық механика пәнінің оқытушысы С.С.Бисалиевалар  көрнекі презентациялар арқылы курс бағдарламасының маңызы туралы баяндады.

Елімізде кәсіптік мамандықтар бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша арнаулы оқу орындары педагогикалық, заң және экономика саласының мамандарын дайындауға әуес екендігі анықталып отыр. Кәсіптік-техникалық мамандықтардың үлесі тым төмен»,міне еліміздің өндіріс саласын дамыту,соның ішінде газ-мұнай өндірісі мамандарын дайындау қажеттігі өзі туындап отырған мәселе екені белгілі. Атаулы бағдарлама шеңберінде оқу орны мұнай-газ және мал дәрігерлік мамандықтары бойынша осы жүйені қолдануды тиімді санап отыр.

Бағдарламаның ерекшелігі- тәжірибе тек теориялық негізде айтылып қана қоймай білімнің көп пайызы практикалық тәжірибеге бөлінуінде және келісім бойынша оқу орны «Кәсіпқор» Холдингі алдында 6 ай сайын жасалған нақты жұмыстар туралы есеп беретіндігінде.

Семинар жұмысы шет ел тәжірибесінің біздің жағдайымызда енгізуге қолайлы екендігін бірауыздан айта келе, колледждегі оқытушылардың электрондық портфолиоларын жасақтау, техника бағдарламаларын құруды меңгерту мақсатында арнайы курстар ашып нақты іс-шараға көшу қажеттілігі туралы ұсыныстармен жалғасты.

1

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан