Жемқорлыққа қарсы жиын өтті
18.04.2018 16:50

Бүгін облыстық мәслихаттың үлкен залында білім беру жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен «Білім саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында жиын өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, басқосуды қорытындылады.

Жиын барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов баяндама жасады. - 2016-2017 оқу жылынан бастап ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы іске асырылуда. Құжат Білім және ғылым министрлігімен дайындалып, мектептерге ұсынылды. Бағдарлама аясында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылды. Бүгінгі күні облысымыздағы Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының саны 306 (еріктілер саны 6158 оқушы) құрайды, ал «Парасатты азамат» бұрыштары 274 ғана.

«Парасатты азамат» бұрыштарының басты мақсаты - азаматтылыққа, отансүйгіштікке, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне құрметті, адамгершілік сезімдер мен этикалық сананы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге жасампаздықпен қарауға тәрбиелеу. Осы орайда, мектеп басшылары «Парасатты азамат» бұрыштарын жасақтауды және оның жаңартылуын қамтамасыз ету қажет.

Өткен оқу жылында республикамызда ЖОО-лар арасында «Адал бол» акциясы ұйымдастырылып, оған еліміздің 111 жоғары оқу орны, жалпы саны 25 мыңнан астам студент қатынасты. Әлеуметтік желілерде 70 бейнеролик жарияланды. Бұл акция ағымдағы жылы өз жалғасын табуда. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледждер арасында «Парасыз болашаққа. Бірге» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтарымен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда «Абыройлы ұстаз» жобасы іске асырылуда. Мақсаты ағымдағы оқу жылында өз оқу орнында жетістікке жеткен оқытушы туралы студенттер бейнеролик түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау. Жоба облыстық білім басқармасымен бірге іске асырылуда. Колледж басшыларына студенттердің оқытушылары туралы бейнероликтерін түсіріп, әлеуметттік желілерде жариялауды қамтамасыз етуді ұсынамын. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарында «Академиялық адалдық» қағидасы енгізілуде.
Өткен жылы «Нұр Отан» партиясымен бірлескен іс-шаралар Жоспары аясында білім саласына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы білім саласында жемқорлықтың алдын алуда бірнеше кемшіліктер бар екенін анықтады. Мысалы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер кезінде артық құжат сұрау, демеушілік негізінде түскен қаражаттар мен мүліктерді заңдастыру ережесі жоқтығы, білім мекемесіне жұмысқа қабылдау конкурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарының орындалмауы және тағы басқалар.

Соның ішінде, «Еңбек» кодексі мен «ҚР Білім туралы» Заңдарына сәйкес бұрын сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сотталғандардың басшылық және қаржылық қызметтерді атқара алмайтындығы туралы шектеулердің орындалмауы, - деген Болат Әлмұқанұлы қол жеткен жетістіктерді де атап өтті. Оның бірі - баланы балабақшаға кезекке қоюдың автоматтандырылуы.

- Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметіне сәйкес білім саласында тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар басқа салалармен салыстырғанда көп болып отыр. Мысалы, республика бойынша 2017 жылы білім саласында – 201, ауыл шаруашылығында – 183, құрылыста – 158, денсаулық сақтау саласында 107 жемқорлық істері тіркелген.

Білім саласында нысандар саны мен мекемелер санының көп болуы – қадағалаушы органдар тарапынан тексерістердің жүргізілуіне себеп болады. Тексеріске келген инспекторлар үшін сыйлық беру фактілері тоқтамай тұрғанын айта кету керек. Заңсыз сыйлық беру қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке әкеліп соқтырады. Бұл орайда, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының білім саласын қадағалау департаменттінің басшылары жемқорлық фактілері бойынша сотталғанын назарларыңызға саламыз. Қылмыстық кодекс бойынша жемқорлық фактілердің ескіру мерзімі жоқ екенін ұмытпайық, - деді Б.Исақов Бұдан соң мінберге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Арнұр Аханов көтеріліп, жең ұшынан жалғасу фактілерінің білім саласында бар екенін ашып айтты. Айталық, 2017 жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде білім саласына қатысты жемқорлық әрекеттерді әшкерелеген 250 қылмыстық іс өндіріске түсіп, оның 219-ына нүкте қойылған. Яғни, тергеу амалдары 111 тұлғаға қатысты жүргізіліп, 77-сі өкінішке орай темір торға қамалды. Келтірілген шығын 208 млн.теңгені құрағанымен, өтелген қаражат - 132 млн.теңге ғана. Сондай-ақ көбіне-көп ЖОО, колледж, мектеп басшылары қызметке алғаны үшін және дипломдар мен аттестаттардың жалған көшірмелерін жасағаны үшін пара алса, мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қою, ұжымында мүлдем жоқ адамдарға жалақы аудару секілді әрекеттері үшін істі болып жатады. Осы ретте тақырып аясында бейнеролик көрсетіліп, жаза басқан жандардың жанайқайына жиналғандардың назарлары ауды.

Сонымен бірге, аталмыш жиында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Маратқызы да сөз алып, өткен жылы басқармамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында жүргізілген шараларға тоқталды. Мәселен, мектептерде 5660 оқушыны қамтыған 309 «Адал ұрпақ» клубтарының жұмысы жандандырылса, барлық кәсіптік білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер трансляциясы ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерге жүктелген. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында аталған департамент өкілдерінің қатысуымен екі маңызды шара оздырылып, бұл семинар жұмыстарына 380 мектеп мен 185 мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары тартылған. Сәуірдің 11-і күні облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланған. Шолпан Маратқызы орта білім ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін өткізілетін байқау талаптарына өзгерістер енгізілгенін, енді байқаудың төрт кезеңнен тұратынын айтып өтті. Бұрын конкурсты қалалық және аудандық білім беру бөлімдері өткізсе, жаңа өзгерістерге сай екінші кезеңде мектеп басшылығына үміткерлердің құжаттары қамқоршылық кеңеске жолданатын болады. Кеңес мүшелері алдында үміткер мектепті дамыту туралы өз жобасын қорғайды. Қамқоршылық кеңестің келісімін алғаннан кейін ғана үміткер үшінші кезеңге жіберіледі. Бұл байқау өткізуде ашықтықты қамтамасыз етеді.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қорытындылады. - Елбасымыздың тапсырмасы - Қазақстанда әділетті қоғам құру, - деген Ғабидолла Абдоллаұлы әділетті қоғамда ел-жұртқа барлық нәрсе қолжетімді болуы тиістігін, әділетті қоғамда өсу мен өрлеу бар екенін, заңның мүлтіксіз сақталатынын, ал білім беру саласындағы жемқорлық індетінің біздің қоғамның жүйелі дамуына кедергі келтіретінін баса айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт – сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесі, жемқорлыққа жол бермеудің ең тиімді жолы десек, бұл орайда облыс әкімінің орынбасары әрбір білім беру ұйымына осы стандартты басшылыққа алып, жұмыстануды міндеттеді. Сондай-ақ бюджет қаражатын желге ұшырмай, мақсатты, орынды жұмсауды нықтап тапсырды.

1 2

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі