Облыстық «Мектеп музейі: жаңа мүмкіндіктер» байқауы |
2018 жылдың 30 наурыз – 13 сәуір аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық «Мектеп музейі: жаңа мүмкіндіктер» байқауы өтті. Аталмыш байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы музейлердің әлеуметтік-мәдени ресурстарын пайдалана отырып, музей педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу және музей қызметіндегі ең үздік педагогикалық практикаларды анықтау. Байқауға 11 аудан мен Орал қаласынан барлығы 12 музей жетекшілері қатысты. Шараға музей саласының еңбек ардагері – С.Танабаева, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тарихи-этнографиялық мұражай жетекшісі – Н.Төлепов және Рухани жаңғыру бағдарламасының Батыс Қазақстан облысы өңірлік сарапшылар кеңесінің мүшелері төрелік етті. Байқаудың І кезеңінде музей жетекшілерінің портфолиолары зерделенді. Ағымдағы жылдың 5 сәуірінде облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы базасында байқаудың 2-ші кезеңі өтті. ІІІ кезең бойынша Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Казталов, Тасқала аудандарында жылжымалы экспедициялық жұмыстар жүргізілді. Қорытынды кезең ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер төмендегідей анықталды: Номинация иегерлері: Байқау жеңімпаздары білім басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. |