Алқа отырысы өтті
11.04.2018 17:42

Бүгін облыстық білім басқармасының алқа отырысы өтіп, оған облыс әкімінің орынбасары Ғвбидолла Оспанқұлов қатысты. Алқалы кеңеске аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары және аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің басшылары жиналды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы А.Аxанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша баяндама жасады. Өкінішке орай сыбайлас жемқорлықтың білім саласын да айналып өтпегенін жеткізіп, өткен жылдардың фактілерін мысалмен сөйлетті. 2016-2017 жылдар аралығында жемқорлық әрекеттері мектепке дейінгі ұйымдарда көбірек бой көрсеткен. Әрине, бюджет қаражатын жымқыру жәйттері де жоқ емес. Жең ұшынан жалғасу фактілері ағымдағы жылы Теректі, Зеленов және Жәнібек аудандарында тіркеліп үлгеріпті. Сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының білім беру мекемелерінде орындалуы жайлы облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова баяндады. - Өңіріміздегі 380 мектеп Bilimland білім беру порталына қосылған. Ал Күнделік электронды журналы әзірге 143 мектепте қолданыста. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қала және аудандардағы мектептер түгел Күнделік электронды журналына қосылуы тиіс. Сондай-ақ әртүрлі, қауіпті әлеуметтік желілерде отыратын оқушыларға мониторинг жүргізетін "Әлеуметтік желілерді талдау" ақпараттық жүйесі енгізілетін болады.

Білім беру мекемелеріндегі компьютерлер әбден ескірген. Қазіргі таңда мұндай компьютерлер саны 14073 бірлікті құрайды. Олардың 7718-і жаңасымен алмастыруды қажет етеді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен биыл 567 бірлік Bilimbook компьютер-трансформерлері сатып алынбақ. 333 бірлік персоналды компьютерлер, сондай-ақ жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 445 кешенді мультимедиялық жабдықтар сатып алу жоспарланған. Бұл компьютерлерге деген сұранысты біршама азайтады, - деді Шолпан Маратқызы. Басқарма басшысының айтуынша, өңіріміздің барлық жалпы білім беретін мектептерін кең жолақты интернетке қосу үшін мемлекеттік сатып алу шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алайда бөлінген қаражат облыстың барлық мектебін кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге жеткіліксіз болып отыр. Сол себепті жергілікті бюджет есебінен қосымша қаражат қарастыру күн тәртібінде тұр. Аталған мәселе бойынша қала және аудан әкімдеріне облыстық білім басқармасы тарапынан xаттар жолданған, дейтұрғанмен бүгінгі күнге ешқандай шара алынбапты. Кеңес барысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы бірқатар баяндамашылардың есебі тыңдалды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы қорытындылап, алқа отырысында көтерілген мәселелерді, нақтыланған міндеттер мен жүктелген тапсырмаларды орындауды аудан басшылықтарына нықтап тапсырды. Алқа отырысы түстен кейін жалғасып, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар - облыстық мектептерде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстарын зерделеу.

1 2

3 4

5

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан