Талантты таныған "Жұлдызай"
09.04.2018 14:23

Бүгін облыстық білім басқармасы, "Дарын" қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай "Жұлдызай" мүмкіндігі шектеулі балалардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтуде.

Театр фойесіне балалардың қолымен жасалған көркем дүниелерден жасақталған көрме қойылды. Осы топтағы балалардың әлеуметтік белсенділігі мен шығармашылық қарым-қабілеттерін дамытуға арналған шараны облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарова ашты. Зәуре Базарғалиқызы «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің биыл 13-ші рет өткізіліп отырғанын, бұл шараның көптеген дарынды балалардың жұлдызын жаққанын айтып өтті. Аталмыш шараға Елордадан келген "BI-Жұлдызай" корпоративтік қоры директорының орынбасары Алмагүл Сәлімбаева, фестивальдің режиссері Ғалия Байбосынова, "Түзеу педагогикасының Ұлттық-ғылыми-практикалық орталығы" аға ғылыми қызметкері Алмагүл Сейсенова, әнші Бейбіт Көшқалиев, тағы басқалар қатысып, қазылық етуде.

Фестивальдің аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен облыс орталығынан қатысып отырған балалар мүмкіндіктерінің шектеулілігіне қарамай, өз өнерлерін ортаға салды. Ән де шырқады, би де биледі. Көздерінде нұр, жүрегінде оты бар өрендердің кұн шұғыласындай жарыққа ұмтылысын көріп, бей-жай қалу мүмкін болмады. Кейде күлдік, кейде қуандық, кейде кірпігімізге жас қонақтады. Аяушылықтан гөрі. сүйсіну басым болды. Сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілері "Үкілі қыздар" биімен баурап алса, жаңақалалық Жасқанат Еркінов "Ассалаумағалейкум" әнімен жүректерге жол тапты. Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының бишілер ұжымы "Ковбой" биімен көңілден шықса, теректілік Жұлдыз Сәлімжанова "Елімнің жүрегі" әнін әсерлі жеткізді. Сөйлеу және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Алена Кучкина "Сильные люди" әнін сурдо-аудармамен орындап шықты. Сонымен бірге қор 2016 жылдан бері білім алудағы ерекше мұқтаждығы бар балаларды салауатты өмір салты мен спортпен айналысуға ынталандыратын «Жұлдызай» республикалық спартакиадасын өткізіп келеді. Ертең, фестивальдің екінші күні Оқушылар сарайында жалғасып, балалар спорттың бірнеше түрінен сынға түспек. Осы облыстық іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен өнерпаздар республикалық "Жұлдызай" фестиваліне жолдама алады.

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан