Облыстық «Мектеп музейі: жаңа мүмкіндіктер» байқауы
Thursday, 05 April 2018 17:16

Бүгін облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы базасында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық «Мектеп музейі: жаңа мүмкіндіктер» байқауының 2-ші кезеңі өткізілді.

Ағымдағы жылдың 30 наурызында бастау алған байқаудың І кезеңінде музей жетекшілерінің партфолиолары зерделенді. Аталмыш байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы музейлердің әлеуметтік-мәдени ресурстарын пайдалана отырып, музей педагогикасы құралдары арқылы өскелең ұрпақты әлеуметтендіру және бірегейлігін қалыптастыру процесінде жаңа тәсілдемелерді іздеу және музей қызметіндегі ең үздік педагогикалық практикаларды анықтау. Байқауға 11 аудан мен Орал қаласынан 12 үміткер қатысты.

Байқаудың екі кезеңінен сүрінбей өткен Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Казталов, Тасқала аудандарында жылжымалы экспедициялық жұмыстар жүргізіледі. Осы жұмыстар нәтижесінде жеңімпаздар анықталады.
Ал, 7 қатысушыға Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қатысушы сертификаты табысталды.

Қорытынды кезең ағымдағы жылдың 11-13 сәуір аралығында өтеді.

1 2

3

 

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Kazakhstan Land of the Great Steppe

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан