ӨЛКЕТАНУ
Батыс Қазақстан облысы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия отырысының 2017 жылғы 26 сәуірдегі 1.3 т. хаттамалық тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 5-7 сыныптарға арналған жалпы көлемі 20 сағаттан тұратын «Өлкетану» курсы оқу бағдарламасын әзірледі.

Аталған курс 2018-2019 оқу жылынан бастап «География», «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» және «Музыка» пәндерінің аясында оқытылатын болады.

Батыс Қазақстан облысы өзінің «Өлкетану» оқулығын дайындады. Сондықтан аталған оқулық бойынша өз пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.


Құлтемірді бағындырған өрендер

Қарағанды қаласында өткен ІV халықаралық «Roboland 2018» робототехника, инновациялық технологиялар және бағдарламалау фестивалінде Ақжайықтық өрендер жоғары көрсеткіштерге ие болды. Біздің өңірден барған 24 команда, 45 оқушының ішінен құлтемірді бағындырып, топ жарған жеңімпаздар есімдерін көпшілікке таныстыруды жөн санап отырмыз.

Сонымен аталмыш жарыстың нәтижесінде Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері Тыныштық Дастан мен Болатов Бекбол Кегельринг-квадро A (Lego Mindstorms) категориясы бойынша 3-орынға табан тіресе, Сәкен мектебінің оқушысы Дәуірбек Сахтаров Кегельринг-квадро Х2 категориясы бойынша жүлделі 2-орыннан көрінді. Тасқала ауданынан қатысқан Артур Талғатов, Ерасыл Талапов, Қамқор Кабеновтер басқарылатын роботтар футболынан 3-орынды місе тұтты. Темирлан Мәулен, Мансұр Амангелдин, Талғат Ажғалиевтер сервистік роботтар категориясы бойынша аталымдарды еншіледі. №38 мектеп-лицейінің шәкірттері Төлеу Жандос, Мансұр Жүсіпқалиев VEX IQ Challenge Ringmaster категориясымен 3-орынға жайғасты. Республикалық жоғары техникалық колледжі оқушылары Төлеу Нұрберген, Серікқали Рүстем Пазлы категориясы бойынша жүлделі 1-орынды жеңіп алды. Осы категория бойынша тасқалалық «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары Данияр Мұхамбетов пен Рауан Базарбаевтар 3-орынға лайық деп танылды.

1

 

Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан