Президенттің бес әлеуметтік бастамасы
03.04.2018 19:17

Бүгін Оқушылар сарайында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев білім саласы қызметкерлерімен кездесті. Басқосуды облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова ашып, халық қалаулыларының таяуда Елбасымыздың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін ел-жұртқа түсіндіру мақсатында келгенін айтып өтті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев басты міндет – тұрғындарды баспанамен қамту екенін, бұл орайда елімізде көптеген бағдарламалардың сәтті жұмыс жасап тұрғанын, соның ішінде кешегі «7-20-25» бағдарламасының да халықтың тұрғын үйге деген мұқтаждығын қамтамасыз етуге бағытталып отырғанын айтып өтті. «Бес әлеуметтік сауалдың» ішінде үшінші бастаманың да маңызы зор. Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселесіне депутат ерекше тоқталды. - 2018-2019 оқу жылында еліміз бойынша ЖОО-ларға 54 мың грант бөлінді. Одан бөлек, Елбасымыздың үндеуінен кейін 20 мың грант қосымша бөлініп отыр. Оның ішінде 11 мың грант техникалық мамандықтарға бағытталуда. Елімізде 824 колледж бен 120 шақты ЖОО-лар бар болса, студенттердің жатақханамен қамтылуы 126 мың кереует орын, яғни әлі 75 мың орын жетіспейді. Елбасымыз 2022 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы студенттер жатақханаларының құрылысын аяқтауды тапсырды. Біздің облыс бойынша 2361 кереует орынға қажеттілік бар. Бұл оңай тапсырма емес. Бірақ, мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында құрылыс жұмыстарын жүргізуге 120 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр, - деді Нариман Төреғалиұлы. Аталмыш жиында қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова ендігі жерде мектептің жылдық қаражаты бала санына байланысты болатындықтан, әр балаға шаққанда бөлінетін қаражаттың экономикалық тұрғыда тиімділігін нақты қарастыру, мұғалімдерге жалақыға қосымша әлеуметтік пакет ұйымдастыру жағы нақтыланса деген ұсынысын жолдады. Депутаттар жолданған сауалдарды тиісті, құзыретті ведомстволарға жеткіземіз деп уәде берді.

1 2

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан