«WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты
02.04.2018 17:06

Бүгін Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионаты шымылдығын түрді. Кәсіби жұмысшылардың беделін көтеріп, үздік жас жұмысшы мамандарын анықтайтын және білім беру жүйесі мен бизнес саласын біріктіретін басты алаң - «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова сөз сөйлеп, қатысушыларға ақ жол тіледі.

WorldSkills International – дүние жүзі бойынша жұмысшы мамандықтарды насихаттап, дәріптеуді, кәсіби даярлық пен біліктілік стандарттарын, беделін көтеруді мақсат ететін халықаралық ассоциация. Ассоциация қазіргі кезде 75 мемлекеттің қатысушыларының басын біріктіреді. Ал біздің елімізде ұлттық кәсіби шеберлік байқаулары жастар арасында 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.

Біздің өңіріміздегі жұмысшы мамандықтарының сайысына 26 колледж командалары қатысуда. Бүгін қатысушылар байқаудың практикалық тапсырмаларын орындауға кірісіп кетті. Жарыс кезеңдері Орал политехникалық, Батыс Қазақстан индустриалды, Орал «Сервис» технологиялық, Сервис және жаңа технологиялар, Орал ақпараттық технологиялар колледждері базаларында және «Балзия» ЖШС цехтары мен мейрамханаларында өткізілуде. Биылғы чемпионатты жұмысшы 14 құзыреттілік бойынша өткізу жоспарланды. Олар: «Сандық бағдарламамен басқару станогындағы токарлық жұмыстар», «Дәнекерлеу технологиялары», «Электр монтаждау», «Кірпішті қалау», «Құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары», «Бояу және сәндік жұмыстары», «Ағаш шеберінің ісі», «Шаштараз өнері», «Дизайн және киімдерді үлгілеу», «Аспаз ісі», «Мейрамхана сервисі», «Наубайшы шеберлігі», «Графикалық дизайн» және «Веб-дизайн».

Теректі колледжінің «Аспаз ісі» мамандығында оқитын Еркебұлан Сәрсенғалиев чемпионатқа тұңғыш рет қатысып отыр екен. – Статистикаға сүйенсек, әйел адамдарға қарағанда ерлер жағы тағамды ыждағатты, дәмді дайындайды, - деді әзіл-шыны аралас. Бүгін салат жасау мен жеміс-жидекті сәндеп кесуден, безендіруден сайысқа түскен ол әзірге бәрі ойдағыдай өтіп жатқанын айтады. Тіпті жеңістен де үміті жоқ емес. Ал Орал «Сервис» технологиялық колледжінің студенті Виктор Погребняк та чемпионатқа «Аспаз ісінен» қатысушы. - Тағам дайындағанды жаным сүйеді. Жоқтан бар жасап, ғажайып дүниелер тудыруға жаным құмар. Аспаз да өзінше бір суретші немесе сиқыршы секілді, - деген Викторға сәттілік серік болсын деп тілегімізді жолдадық. Осы арада айта кету керек, аспазшылардың жұмысын Алматы қаласының «Хама Парк» мейрамхана кешенінің директоры, ұлттық және халықаралық чемпионаттың бас сарапшысы Серікхан Әділханов бастаған сарапшылар бағалайтын болады.

Чемпионат ертең де жалғасын тауып, сәуірдің 4-і күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында салтанатты түрде жабылады. Сарапшылар, яғни комиссия мүшелері қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттайды.

1 2

3 4

3 4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан