Халық қалаулысымен жүздесті
30.03.2018 18:06

Елбасымыздың Жолдауын, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін, бағдарламалық мақалаларын, бір сөзбен айтқанда, барлық бастамаларын Жайық жұртына түсіндіруге, насихаттауға келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл әлеуметтік салаға мойын бұрып, денсаулық сақтау, білім салалары қызметкерлерімен кездесуде. Бүгін халық қалаулысы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да өңірдің білім саласы қызметкерлерімен жүздесті.

Басқосу барысында жалпы азаматтық-патриоттық және адамгершілік-рухани тәрбие, сондай-ақ тәрбиенің діңгегі – дін мәселесі жөнінде жан-жақты сөз болды. Ұрпақтарымызды адастырмас алтын қазық - ұлттық және діни тәрбие хақында, рухани құндылықтарымыз хақында халық қалаулысы маржан ойларымен бөлісті. Жат ағымдарға арбалған ата-аналардың балаларымен жұмыстануда көптеген кедергілерге тап келіп отырған мектеп басшыларының жанайқайына құлақ түріп, олардың өз ұсыныстарын іркілмей жеткізуіне мүмкіндік берді. Бұл орайда Зеленов ауданы, Достық орта мектебінің директоры Светлана Голубева сәбилеріне екпе алудан және балаларын мектепке жіберуден бас тартып отырған ата-аналардың әрекеттеріне заңмен шектеу қоюды ұсынды. Ақжайық ауданы, №1 мектеп директорының орынбасары Мария Бижанова да өзге діннің жетегінде жүрген оқушылардың орамал тағудан бас тартпай, екі тоқсан бойы сабаққа қатыспағандарын айтып, оқушының білім алу құқығын шектеуге түрткі боп отырған ата-ананың жауапкершілігін күшейтуді, бұл мәселені заңнама шеңберінде шешудің жолдарын табуды жоғары жаққа жеткізуді сұрады.

Аталған мәселелерді құзырлы ведомстволарға жеткіземін деп уәде берген Смағұл Бақытбек отырысты былайша қорытындылады: - Бүгін Махамабет атындағы киелі шаңырақта өте мәнді кездесу болды. Себебі облыстың шалғай аудандарынан келген мектеп басшыларымен көзбе-көз тілдестік. Біріншіден, білім саласының қызметкерлері Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде көрініс тапқан мәселелерді жақсы қабылдағандарын айтып, жүрекжарды алғыстарын білдірді. Сондай-ақ тәрбие мәселесіне қатысты пікір алмастық. Кейбір мектепке біркелкі мектеп формасын сақтамай, санаулы ата-аналардың баласын мектепке жібермей отырғаны жайында жанайқайларын жеткізді. Бала тәрбиесіне жауаптылық мәселесінде мұғалімнің ғана емес, ата-ананың да өз міндеті бар. Әсіресе жат ағымның жетегінде адасып жүрген ата-аналарды кішкене тәртіпке шақырсақ деп отыр. «Жетпіс жұрттың тілін білсең де, ұстаздың алдында бәріміз шәкіртпіз» демекші, өзім сол ұстаз көрген, өмір көрген азамат, ауылдан шыққан жігіт есебінде олардың ықтиярларын дұрыс қабылдадым. Шынында да алаңдаушылықтары бар. Бұл тек діни басқарма мен мұғалімдердің ғана құзырында емес, өзіміз сияқты азаматтардың, жергілікті ақсақалдардың, жалпы қоғам болып жұмыла кірісіп, елдің ынтымағын, бірлігін сақтау мақсатында жұмыстанатын шаруа болмақ. Мен бірлесіп жұмыс жасап жатқан патриоттық саладағы діни агенттік төрағаларына, білім министрлігіне осы мәселелердің барлығын халықтың қалаулысы есебінде тыңғылықты жеткіземін, - деді.
Бұл күні халық қалаулысымен университет студенттерінің де кездесуі болды. Жалық қаалулысы бұл жерде Елбасы Үндеуіндегі жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту секілді мәселелерге басымдық берді.

1

2

3

4

 

Государственные символы

4.0

1

1

1

1

logo

1

Ссылки

akorda.kz

e.gov.kz

edu.gov.kz

portal.edu.bko.gov.kz

expo2017astana.com/kz

bolashak.gov.kz

minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

fincenter

fincenterz

Статистика


Главное меню

Видео уроки

1

Call-center «111»

1

Казахстан - Страна Великой Степи

1

Открытое правительство

OpenGov

Фонд социального медицинского страхования

Министерство здравоохранения Республики Казахстан