1


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім - білім беру жүйесінің алғашқы кезеңі ретінде бала тұлғасының әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуының маңызды баспалдағы болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 490 бірлікті құраса, оның 185-і балабақша, 59-ы «мектеп-балабақша» кешені және 246-і шағын орталық. Мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мыңнан астам бала қамтылған.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды  мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 74,2% -ды құрайды.

2019 жылға дейінгі білімді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсатты индикаторының бірі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту көрсеткіші болып табылады. Осы көрсеткіштің өсуі байқалып, мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту 99,9% -ды құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі мен контингенті (01.10.2017 ж.)

Аудан атауы

МДҰ саны

Ондағы
балалар саны

Бала-
бақшалар
саны

«Мектеп
бала-бақша»
кешені

Шағын
орталықтар саны

1-6 жастағы
балаларды
МДҰ
қамту
(%)

3-6 жастағы
балаларды
МДҰ
қамту
(%)

Ақжайық

47

1559

11

3

33

58,2

99,9

Бөрлі

28

2777

11

16

1

74,6

99,7

Бөкейордасы

16

955

4

3

9

75,6

100

Жаңақала

27

1161

7

1

19

74,8

100

Жәнібек

22

882

9

2

11

76,7

100

Зеленов

50

1878

11

13

26

61,6

99,3

Сырым

34

761

2

9

23

66,9

99,7

Казталов

49

1831

16


33

81,4

99,9

Қаратөбе

24

632

8

4

12

71,3

100

Тасқала

24

812

4

5

15

73,1

100

Теректі

37

1358

12


25

57,7

99,4

Шыңғырлау

19

714

8

3

8

73,8

100

Орал қаласы

133

14733

81

1

31

58,2

99,6

Барлығы:

490

30053

185

59

246

74,2

99,9

 


Жалпы орта білім

2017-2018 оқу жылының басында облыста оқушылар контингенті 97710  құрайтын 380 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер, соның ішінде 791 оқушыны құрайтын 71 бастауыш мектептер, 3604 оқушыны құрайтын 70 негізгі мектептер және 93315 оқушыны қамтыған 239 орта мектептер жұмыс жасайды. Облыста өткен жылмен салыстырғанда мектептер саны 4 бірлікке кемісе, ал оқушылар саны 3341-ға көбейді.

Тұрғындардың көшіп қонуы салдарынан және оқушылар контингентінің жоқтығынан 4 жалпы білім беретін мектеп жабылды: Жаңақала ауданы Аққұс БМ, Казталов ауданы Хайруш БМ және Саралжын БМ, Теректі ауданы Қандық БМ.

Оқушылар санының азаюына байланысты 1 орта мектеп негізгі мектеп болып қайта ұйымдастырылды: Теректі ауданы Талпын ОМ.

Оқушылар санының көбеюіне байланысты 2 негізгі мектеп орта мектеп болып қайта ұйымдастырылды: Ақжайық ауданы М.Өтемісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі, Бөрлі ауданы Киров мектеп-балабақша кешені.

Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 258-ы немесе 67,8 %-ы қазақ тілінде оқытады, ондағы оқушылар саны 66606 оқушы.

Кешкі мектептер саны 4 құрады, олардағы оқушы саны – 351 (Орал қаласында - 1, Ақсай қаласында - 1, Зеленов ауданында - 1, Теректі ауданында -1 мектеп).

Мемлекеттік емес күндізгі жалпы білім беретін мектептер саны 4 бірлікті құрайды, олардағы оқушы саны - 82.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақстандық білім беру жүйесіне тән белгілердің бірі ретінде жоғары пайызда қалып отырған шағын жинақталған мектептер проблемасын шешуге тиісті шаралар қамтылған. Облыстың жалпы білім беретін мектептерінің жалпы санының 58,6%, немесе 223 шағын жинақталған мектептер.

ШЖМ-дегі проблемаларды шешу және білім сапасын көтеру үшін облыс бойынша 16 тірек мектеп (Ақжайық - 2, Бөкейордасы - 1, Бөрлі - 1, Жаңақала - 1, Жәнібек - 1, Зеленов - 1, Казталов – 1, Қаратөбе – 1, Сырым - 2, Тасқала - 1, Теректі – 2, Шыңғырлау - 2) аудандарында жұмыс істеуде.


Батыс Қазақстан облысы бойынша 2017 жылғы ҰБТ қорытындылары

Биылғы жылы өткен жылдар дағыдай ұлттық бірыңғай тест облыс бойынша 9 тестілеу пункттерінде өтті (Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Қаратөбе, Сырым аудандары орталығында жәнеМ.Өтемісов атындағы БҚМУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да орналасқан тестілеу орталықтарында).

Облыстық білім басқармасы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының қызметкерлерімен бірге барлық ҰБТ пункттері және оқушылардың тұру, тамақтану, қону орындарын алдын ала тексерді. Аудандық білім беру бөлімдерінің ішкі істер басқармасымен бірлесе бекіткен оқушылардың тасымалы, қонуы және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы кезекшілік, тиісті мекемелермен бірлесе бекіткен тамақтану, тестілеуді өткізу және қону орындарында жергілікті медицина мекемелері басшыларымен бекітілген медициналық қызметкерлердің кезекшіліктері ұйымдастырылды.

Барлық тестілеу пункттерінде тестілеудің өту барысында ҰБТ – ы өткізу технологиясы сақталды.

2017 жылы ҰБТ-ға 4422 мектеп бітірушісінің 3036-і қатысып, жалпы мектеп бітірушілердің 68,65 % құрады.

ҰБТ қорытындысында орташа жинақ балл 80,3-і құрады.

100-ден жоғары балл жинаған түлектер саны  - 566 немесе жалпы ҰБТ-ға қатысушылардың 18,64%.

Білім грантын иеленуге конкурсқа қатысуға шекті деңгейден өте алмағандар саны 356 түлек немесе 11,72 %.

4 түлек ҚР БжҒМ 2017 жылғы 17 сәуірдегі  №156 бұйрығы негізінде халықаралық олимпиаданың қатысушы ретінде ҰБТ-дан босатылды.


2017 жылғы Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) қорытындысы туралы

ОЖСБ-2017 ресіміне 2990 оқушы қатысты. 4-сыныптағы ОЖСБ математика және әдебиеттік оқубойынша өткізілді.ОЖСБ орташа балы – 18,66 балды құрады (2016 жылы – 17,34), оқуы қазақ тіліндегі сыныптарда –18,57 балл (2016 жылы – 16,86), оқуы орыс тіліндегі сыныптарда –– 18,86 балл (2016 жылы – 18,65).21мектептен барлығы 1639 оқушы қатысты, олардың арасында 1172-сі оқуы қазақ тіліндегі сыныптардан, 467 оқуы орыс тіліндегі сыныптардан. Орташа балл– 18,66 (қазақ сыныптарында – 18,57 балл, орыс сыныптарда – 18,86 балл). Облыстық орташа балдан жоғары көрсеткіш Орал қаласының оқушыларында (18,89 балл) байқалды.

Математикадан орташа балл облыс бойынша9,59 құрады. Облыстық орташадан төмен көрсеткіш Ақжайық (7,76), Бөрлі (8,32), Жаңақала (8,67) аудандарында байқалды.

Облыс бойынша әдебиеттік оқудан орташа балл – 9,07.Облыстық орташадан жоғары көрсеткіш – Ақжайық ауданында (9,58) және Орал қаласында (9,13). Жаңақала (8,24) және Бөрлі (8,28) аудандарында әдебиеттікоқу бойынша көрсеткіш облыстық орташадан төмен.

9-сыныптардағы ОЖСБ-ға 1052 оқушы қатысты. ОЖСБ екі пән бойынша өткізілді: қазақ тілі (міндетті) және математика, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, химия, физика, география, биология.

ОЖСБ орташа балы 37,92 балды құрады (2016 жылы – 27,57), оқуы қазақ тіліндегі сыныптарда – 38,69 балл (2016 жылы – 27,04), оқуы орыс тіліндегі сыныптарда – 36,02 балл (2016 жылы – 29,0).Орал қаласының 24 мектебінде (№1ОЖББМ, №2 ОЖББМ, №3 ОЖББМ,№13ОЖББМ, №16ОЖББМ, №24ОЖББМ, №25ОЖББМ, №30, №40, №42 МГ, №46, № 47 және Серебряков ОЖББМ) және Бөрлі ауданында (№2 ОЖББМ)ОЖСБ компьютерлік тестілеу әдісімен өтті, оған 832 оқушы қатысты. Пән бөлігінде орташа балл: қазақ тілі – 12,97 (2016 жылы – 10,93 б.), математика – 24,89 (2016жылы – 16,3 б.), физика – 24,02 (2016 жылы – 14,68 б.), биология – 24,03 (2016 жылы – 22,82 б.), география – 25,56( 2016 жылы – 22,73 б.), химия – 24,94 (2016 жылы – 21,29 б.), Қазақстан тарихы – 25,26 (2016 жылы – 17,3 б.), дүниежүзі тарихы– 25,91 ( 2016 жылы – 18,7 б.).

Аудандар бөлігінде ОЖСБ көрсеткіші облыстық орташадан жоғары Жаңақала ауданы (46,52 б.) және ДБММИ(50,71 б.) көрсетілген.

Облыстық орташадан төмен көрсеткіш – Бөрлі (26,12 б.), Ақжайық (27,96 б.) аудандары және Орал қаласында (37,57).

11-сынып бойынша ОЖСБ-ға 299 оқушы қатысты. 11-сыныптарда тестілеу 3 пән бойынша жүргізілді: оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы және Қазақстан тарихы.

ОЖСБ орташа балы 40,72 балды құрады, оқуы қазақ тіліндегі сыныптарда – 42,04 балл, оқуы орыс тіліндегі сыныптарда – 35,89 балл.

Аудандар бөлігінде ОЖСБ көрсеткіші облыстықорташадан жоғары ДБОММИ (58,47 б.) және Орал қаласының №43 ОЖББМ (51,08.), №40 ОЖББМ (46,13), №46 ОЖББМ (44,08), №2 ОЖББМ (43,22)
Облыстық орташадан төмен көрсеткіш– Орал қаласының мектептерінде: №47 ОЖББМ(30,70 б.), №13 ОЖББМ(32,88), №25 ОЖББМ(34,74), №24 ОЖББМ(35,11).

 

Негізгі меню

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Кешенді бағдарлама

1