2012-2013 оқу жылының жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада үшінші кезеңінің қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 2012-2013 о.ж. Республикалық олимпиадасы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектеп оқушылары арасында өткізілді.

Олимпиаданың облыстық кезеңі 2 бағыт – гуманитарлық және жаратылыстану-математика – 13 пәннен тұрады.

Олимпиада оқу жылы бойы 4 айналымнан тұрады.

І кезең – мектепішілік. Бұл кезеңге, мектепте өз күшін, интеллектуалдық әлеуетін тексерү үшін барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Осылайша, өткен қараша айындағы мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің  30  мыңнан  астам (30182) оқушылары қатысты.

ІІ кезең – аудандық (қалалық). Аудандық кезең 2012 жылдың 21-22 желтоқсанда аудандық және қалалық білім бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңге 5 мыңға жуық (4240) оқушылар қатысты.

ІІІ кезең – облыстық. Облыстық олимпиада 2013 жылғы 8-9 қаңтарда облыстық білім басқармасымен өткізілді. Үшінші кезеңге жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 358 оқушы қатысты: бұл барлық он екі ауданның, Орал қаласының, облыстық мектептердің 17 командалары.

Олимпиаданың ІІІ кезеңі үшінші жыл қатарынан ҚазАТжБИ ғылыми-білім кешенінің базасында өткізілді. Барлық аудиториялық базасы, әкімшілік және  педагог кадрлар құрамы олимпиада қатысушыларының қарауында болды. Балалардың жұмысы мен пәндік қазылар алқалары үшін ең қолайлы жағдай жасалды.

Олимпиаданың бірінші күні 8.01.2013ж. сағат 8-00 ұйымдастыру кеңесінен басталды. Облыстық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы – Ө.Қ.Құспанов– қазіргі ҚазАТжБИ ғылыми-білім кешені аудит бөлімінің бастығы, олимпиаданы өткізу тәртібімен таныстырды.

Пәндік қазылар алқаларына қала ЖОО-ның алдыңғы қатардағы  ғылыми-педагогикалық кадрлары, әдіскерлер, жоғары біліктілігі, ғылыми дәрежесі және олимпиада қатысушыларымен жұмысы тәжірибесі мол оқытушылар және білім басқармасы ұйымдарының және аймақтық өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жаратылыстану-математика пәндері циклінің Республикалық олимпиадасы ағымдағы жылдың наурыз айында  Талдықорған  қаласында,  гуманитарлық пәндер циклінің олимпиадасы   Тараз  қаласында өтеді.

Гуманитарлық цикл келесі пәндерден құралады: қазақ тілі мен әдебиеті,  орыс тілі мен әдебиеті, орыс мектебіндегі қазақ тілі, қазақ мектебіндегі орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы, құқық негіздері.

Жаратылыстану-математика циклі: математика, физика, информатика, география, химия,биология.

Олимпиада қорытындылары.

Барлық қатысқан оқушы саны-358, жүлдегерлер саны -203, бұл барлық қатысушылардың 57 % құрайды.

Соның ішінде ауданнан қатысқан оқушылар саны-150, жүлдегерлер саны-54, бұл барлық қатысушылардың 36 % құрайды.

Облыс мектептерінен қатысқан оқушылар саны-136, жүлдегерлер саны-93, бұл барлық қатысушылардың 68 % құрайды.

Қала мектептерінен қатысқан оқушылар саны-72,  жүлдегерлер саны-56, бұл барлық қатысушылардың 78 % құрайды.

 

Жалпы рейтингі:


Аудан Барлық қатысушылар саны Жүлдегерлер саны

Барлық қатысушы оқушылардан жүлдегерлер пайызы, %

1 ОДБАМҚМИК №11

33

28 85
2 ҚТЛ 43
36 81
3 Бөрлі 10
8 80
4 Орал 72
56 78
5 Шыңғырлау 7
4 57
6 ОДБАММ №8 24
13 54
7 Зеленов 6
3 50
8 ОДБАММИ 36
16 44
9 Ақжайық 19
7 37
10 Жаңақала 11
4 36
11 Қаратөбе 17
6 35
12 Тасқала 9
3 33
13 Сырым 16
5 31
14 Теректі 18
5 28
15 Бөкей ордасы 15
4 27
16 Казталов 17
4 23
17 Жәнібек 5
1 20

ИТОГО 358 203 55

 

 

Мемлекеттік рәміздер

4.0

1

1

1

1

logo

1

Сілтемелер

www.akorda.kz/kz

www.e.gov.kz

www.edu.gov.kz

expo2017astana.com/kz

www.bolashak.gov.kz

www.minfin.gov.kz

halyk-ipo.kz

www.adilet.zan.kz

bilimdinews.kz

www.expert.okulyk-edu.kz

Статистика


Негізгі меню

Бейне сабақтар

1

Call-center «111»

1

Қазақстан – Ұлы Дала Елі

1

Ашық үкімет

Opengov

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі